Ресейліктерге Қазақстанға жағажай турлары ұсынылды

Фото ©shutterstock

Ресейлік туроператорлар алғаш рет туристерге Каспий теңізіне Қазақстанға жағажай турларын ұсынды. Ресей туроператорлар қауымдастығының (АТОР) мамандары өз сайтында "түрік стиліндегі" демалыстың жаңа нұсқасы туралы жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік туроператорлар алғаш рет туристерге Каспий теңізіне Қазақстанға жағажай турларын ұсынды. Ресей туроператорлар қауымдастығының (АТОР) мамандары өз сайтында "түрік стиліндегі" демалыстың жаңа нұсқасы туралы жазды.

Дағдарыс және әуесанкциясы жағдайларында туроператорлар Қазақстанға дәстүрлі емес турлар бағдарламаларын - Ақтау қаласында Каспий теңізіндегі жағажай демалысын іске қосты. Қазақстандық курорттың жағдайы мен сапасы жағынан түрік жағалауымен салыстыруға болады, мысалы, туристік маусым мамырдан қыркүйекке дейін созылады, теңіздің орташа температурасы плюс 23-25 градус, ауа температурасы 35-45 (шілде және тамыз айларында).

Саяхатшыларға "барлығы қосылған" тұжырымдамасы бар премиум санатындағы қонақүйлер ұсынылады. Мәселен, мамырда Мәскеуден тікелей ұшатын бес жұлдызды Rixos Water World Aktau қонақүйіне бір аптаға арналған тур пакеті екі адамға 157,2 мың рубль тұрады. Таңғы ас пен әуебилеттері қосылған төрт жұлдызды қонақүйге билет 90 мың рубль болады.

Реклама
Реклама

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная