Ресейде туристік автобус апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Кубаньдағы (Ресей Федерациясы) туристік автобустың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар саны екіге жетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.

Осыған дейін прокуратура сенбі таңертең туристік автобус Апшерон ауданының Мезмай ауылында жол апатына ұшырағанын, бір адам қайтыс болғанын, 19 адам зардап шеккенін хабарлаған болатын. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, автобус тежегіш жүйесінің істен шығуына байланысты жолдан шығып кеткен.

"Өлім саны екі адамға дейін өсті, тағы бір зардап шеккен адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", - деді агенттікке Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері.

 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!