Qazaq Air Ресейден арнайы рейстер туралы жалған ақпаратқа жауап берді

Qazaq Air әуекомпаниясы өкілдері Ресейден арнайы рейстер туралы жалған ақпараттың Интернетте және әлеуметтік желілерде таралғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Qazaq Air әуекомпаниясы Интернет желісі мен әлеуметтік желілерде Ресейден Қазақстанға арнайы авиарейстер туралы ақпарат дұрыс емес екенін хабарлайды", - делінген әуетасымалдаушының хабарламасында.

Алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін билеттерді әуекомпанияның www.flyqazaq.com сайтында немесе әуе билеттерін сататын уәкілетті агенттіктерден сатып алу ұсынылады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!