Qazaq Air компаниясын алғаш рет отандық маман басқарды

Qazaq Air басқарма төрағасы болып Еркін Әнесұлы Наурызбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркін Наурызбаев бұған дейін әуекомпанияда басқарма мүшесі ретінде басқарушылық міндеттерді атқарған. Оның авиацияда 17 жылдық тәжірибесі бар.

www.facebook.com/QazaqAir/

Qazaq Air өкілдері Еркін Наурызбаев әуекомпанияны басқарған алғашқы отандық маман екенін атап өтті.

Бұрын компанияны Болгария азаматы Пламен Атанасов басқарған.

Qazaq Air - "Самұрық-Қазынаның" еншілес компаниясы.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!