Qazaq Air әуекомпаниясы Новосибирск қаласына рейстерді уақытша тоқтатты

Qazaq Air әуекомпаниясы Ресейдің Новосибирск қаласына рейстерді уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Qazaq Air әуекомпаниясы 2022 жылғы 30 қазанда Астана - Новосибирск рейсінің тоқтатылғаны туралы, сондай-ақ осы бағыттар бойынша халықаралық тұрақты рейстерді орындауға Ресей Федерациясының авиациялық билігінің рұқсат бермеуіне байланысты Астана-Новосибирск, Өскемен-Новосибирск бағыттары бойынша рейстердің уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлайды", - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Qazaq Air жолаушыларға билет құнын толық қайтару ұсынылатынын айтты. Билет ақысын сатып алған орындарда қайтаруға болады. Егер билет әуекомпаниядан сатып алынған болса, info@flyqazaq.com электрон поштасы арқылы хабарласып, қайтаруға өтініммен бірге бронь нөмірі мен байланыс деректерін көрсету қажет. Егер билет агенттіктен сатып алынған болса, сатып алу орнына жүгіну керек.

Qazaq Air әуекомпаниясы қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық талапты сақтайды.

"Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жолаушыларға кестені одан әрі өзгерту мүмкіндігі туралы хабардар етіп отырамыз", - деп қорытындылады компания.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!