"ПТР-тестінің мерзімі өтіп кеткен". Екі шетелдік елден шығарылды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы әуежайына мерзімі өтіп кеткен ПТР-тестімен келген екі шетелдік елден шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайына мерзімі өтіп кеткен ПТР-тестімен келген екі шетелдік елден шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 желтоқсанда Қазақстанға Израиль, Ұлыбритания, Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі ұшып келген.

Реклама
Реклама

"1 612 авиажолаушының 1 465-сінде ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болды. Анықтамасыз 147 адам келді. Олар - Қазақстан азаматтары. Алматыда -10 рейс, 1 348 жолаушы, анықтамамен - 1 209, анықтамасыз - 139; Нұр-Сұлтанда - 3 рейс, 264 жолаушы, анықтамамен - 256, анықтамасыз - 8", - делінген хабарламада.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары COVID-19 вирусының бар-жоғына ПТР-тест тапсырды. Қазіргі таңда олар стационарда тест қорытындысын күтіп жатыр. ПТР-талдау нәтижелері бойынша 14 желтоқсанда Қазақстанға ұшып келген 81 жолаушының екеуінен коронавирус инфекциясы анықталды. Олар елге Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген.

Сонымен қатар, Түркияның әуе рейсімен келген Шри-Ланка мен Қырғызстан азаматтары Алматы әуежайына ұшып келген. Олар мерзімі өтіп кеткен ПТР-тестімен келген. Осыған байланысты шетелдік азаматтар елден шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная