ПТР-анықтамасыз ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды

2021 жылдың 19 қаңтарында елімізге шетелден ұшып келген үш азаматтан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

"2021 жылдың 19 қаңтарында анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының 202 азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың ішінде бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен, тағы бір жолаушы Дубай – Алматы, үшінші жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!