ПТР-анықтамасыз келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

2020 жылдың 15 желтоқсанында ПТР-анықтамасыз келген қазақстандықтардан COVID-19 анықталды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"15 желтоқсанда Ыстамбұл-Алматы рейсімен келген 147 жолаушының бірінен коронавирус инфекциясы анықталды", - дейді комитет өкілдері.  

Ведомство мәліметінше, 16 желтоқсанда Қазақстанға 14 халықаралық рейс: Ұлыбритания, Нидерланд, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен келген. 

1472 жолаушының ішінде 1161 адамның ПТР-тестінің нәтижесі теріс болған, 311 қазақстандық анықтамасыз келген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!