Президент ішкі және сыртқы туризм бойынша тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловты қабылдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Ораловтың айтуынша, туризм саласын дамыту мақсатында Kids Go Free бағдарламасына қатысу үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілген. Сондай-ақ қазақстандықтар үшін туристік кэшбек енгізу жоспарланып отыр.

"Мемлекет басшысы ішкі және сыртқы туризмді одан әрі ынталандыру, инвестиция тарту шараларын қабылдауды тапсырды. Президент бұқаралық спортқа қолдау көрсету және спорт инфрақұрылымын қолжетімді ету қажет екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті мәдениетті дамыту үшін жағдай жасаудың және еліміздегі креативті индустриялар базасын қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!