Президент іс басқармасының басшысы "Бурабай" ұлттық паркінің жағдайы туралы айтты

© Shutterstock

Президент іс басқармасының басшысы Айбек Дәдебаев жазғы демалыс маусымы қарсаңында "Бурабай" ұлттық паркінің жағдайы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент іс басқармасының басшысы Айбек Дәдебаев жазғы демалыс маусымы қарсаңында "Бурабай" ұлттық паркінің жағдайы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Былтыр курорттық аймаққа 711 мыңнан астам адам келді. Бұл тек ұлттық парктің бақылау-өткізу бекетінен өткендердің саны. Ал биылғы көрсеткіш былтырғыдан кем түспейді деп межеленіп отыр. Әрине, туризмді дамытып жатқан өңірге демалушылардың көп келгені жақсы. Дегенмен, ұлттық парк үшін бұл біршама жүк екенін де ескерген жөн. Сондықтан "Бурабай Даму" кәсіпорны мен "Бурабай" ұлттық паркі белсеніп жұмыс істеуі керек. Бұл, әсіресе, өрт қауіпсіздігі мен қорықты қорғауға қатысты", - деп жазды ол Telegram-каналында.

Реклама
Реклама

Айбек Дәдебаевтың айтуынша, биыл жалғасын табатын "Smart National Park Burabay" жобасының аясында 5 өткізу-бақылау бекетін автоматтандыру, қоршаған ортаға мониторинг және сараптама жасайтын қосымша құралдар орнату, ғылыми жұмыстарды күшейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, өртті ерте анықтайтын қосымша 3 бақылау камерасы қойылмақ. Осылайша, бақылау камералары бар 17 мұнара "Бурабай" паркінің ғана территориясын емес, іргелес жатқан қорғалатын аумақты да бақылап отыратын болады. Бұл дегеніміз – 377 166 гектар жер.

"Жалпы, смарт-жүйе өртті дер кезінде анықтап, тез арада ауыздықтауда өз тиімділігін көрсетті. Мысалы, былтыр 21 өрт оқиғасы тіркеліп, жалын шарпыған жер көлемі 1,3 гектармен шектелді. Яғни, тілсіз жаудың таралу аумағы 2021 жылмен салыстырғанда 8,6 есе азайды", - дейді ол.

Сондай-ақ, ол тағы бір жаңалықты айта кетті: биыл жазда туристердің ат шалдырып, аяқ суытуына арналған қосымша 35 бекет бой көтереді, оның ішінде 26 бекетке от жағатын ошақ қойылады.

"Стол, сәкі, ошақ, өрт сөндіру құралдары қойылған осындай орындар Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты көлдерінің жағасында, сондай-ақ "Терраса парк" қонақүйінен "Ақбура" курортына дейін созылып жатқан велосипед жолының бойында орналасады. От жағуға болмайтын, тек тамақтанатын, демалатын орындар "айқұлақ" мүсіннен бастап Абылай хан алаңына дейінгі веложолдың бойында, Кенесары үңгіріне жақын маңда салынады", деді Президент іс басқармасының басшысы.

Туристерге арналған бекеттердің нақты картасын "Бурабай Даму" ЖШС мен "Бурабай" МҰТП сайттарынан, сондай-ақ Ұлттық парктің мобильді қосымшасынан көруге болады.

"От пен су — тілсіз жау" деген сөз тегін айтылмаған. Табиғат аясында демалған кезде сақтық шараларын ұмытпайық.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная