Пойызға билет алудың ыңғайлы жолдары айтылды

Пойыз - Қазақстан бойынша сапарлау үшін ең қолжетімді нұсқа.

Aviata.kz сервисінде билет таңдап оны сатып алуға небары бірнеше минут кетеді. Сервис командасы қосымша мен сайт қолданушыларына қандай жаңа функциялар пайдалы болатыны туралы айтты.

  • Авиатада вагондар сызбасы көрсетіледі және орынды сол жерден таңдауға болады. Ал енді айқындалу үшін орындар түстерге боялады: көк - астыңғы қолжетімді орындар, жасыл - жоғарғы бос орындар. Бос емес орындар сұр түске боялады. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған орындар да бөлек белгіленіп тұрады.

  • Билет таңдау кезінде енді пойыз және вагон жайлы пікірлерді оқуға және жолаушылар түсірген суреттерді көруге болады. Сапар аяқталғанда басқаларға таңдау жасау жеңіл болсын десеңіз, өз пікіріңізді қалдырсаңыз болады.
  • Егер қажетті пойызда орын болмаған жағдайда орын пайда болысымен сізге хабарлама келетіндей істеп қоюға болады. Біреу билетін қайтарған жағдайда немесе қосымша орындар ашылуы мүмкін, сондай кезде телефонға хабарлама келеді.

  • Егер жолаушы өз сапарын 45 күннен артық жоспарласа және қажетті күнге сатылымдар әлі ашылмаған болса, Авиата сатылымның ашылуын жіберіп алмау үшін сатылымның ашылуы туралы хабарламаға жазылуға болады.

Енді сапарды басқару одан да ыңғайлы. Авиатадан кепілдендірілген қайтару қызметін пайдалануға болады. Т/ж билеті құнының 10 пайызын қосымша төлеген жағдайда, билетті қайтарған жағдайда сервис билет құнының 100 пайызын кері қайтаруға кепілдік береді. Осылайша сіз жоспарларды кез келген уақытта өзгерте аласыз және төленген соманы жоғалту мүмкіндігі туралы алаңдамайсыз.

Нәтижесінде Авиата пайдаланушылары өз сапарларын автономды, жылдам және оңай басқаруға мүмкіндік алады.

Қосымшаны жүктеңіз және жеңіл саяхаттаңыз!