"Полако, теңіз, пршут". Қазақстандық туристің Черногориядағы демалысы жайлы

Бұл елдегі өмір баяу жылжып жатқандай және халқы да осыны жақсы көреді, ешкім ешқайда асығар емес. Черногориялықтардың жайбарақаттылық жайлы өз түйген-білгендері бар, бір жағынан осы қасиеті қазақтарға көбірек ұқсайды, біздің халық та жайбарақаттылықты ұнатады. Демалыңыз, take it easy, немесе "полако". Бұл жер күнделікті күйбең тіршіліктен тынығуға, ежелгі қалаларды зерттеп, Адриатика теңізіне шомылу үшін таптырмас орын. Мұндағы табиғат таңғажайып, жаңа дайындалған теңіз өнімдері керемет, қонақжайлылық жүректі және жанды жылытады, ал жасыл желектер, ағаштар мен таулар саяхатқа ұмытылмас әсемдік береді - сіз Алматыда жүргендей боласыз, сондықтан Черногорияда мен өзімді үйдегідей сезіндім. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Черногория туристердің несімен қызықтыруы мүмкін екені туралы айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұл елдегі өмір баяу жылжып жатқандай және халқы да осыны жақсы көреді, ешкім ешқайда асығар емес. Черногориялықтардың жайбарақаттылық жайлы өз түйген-білгендері бар, бір жағынан осы қасиеті қазақтарға көбірек ұқсайды, біздің халық та жайбарақаттылықты ұнатады. Демалыңыз, take it easy, немесе "полако". Бұл жер күнделікті күйбең тіршіліктен тынығуға, ежелгі қалаларды зерттеп, Адриатика теңізіне шомылу үшін таптырмас орын. Мұндағы табиғат таңғажайып, жаңа дайындалған теңіз өнімдері керемет, қонақжайлылық жүректі және жанды жылытады, ал жасыл желектер, ағаштар мен таулар саяхатқа ұмытылмас әсемдік береді - сіз Алматыда жүргендей боласыз, сондықтан Черногорияда мен өзімді үйдегідей сезіндім. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Черногория туристердің несімен қызықтыруы мүмкін екені туралы айтты. 

Бірақ олар айтқандай, first things first - бәрін басынан баяндасақ. Черногория астанасына келген кезде бізді жағымды тосынсый күтіп тұрды: біздің команданы ерекше қарсы алды. Шынымды айтсам, мен біраз уақытқа дейін өзімді VIP-қонақтай сезіндім. Подгорица әуежайы Air Astana лайнерінің қонақтарына дәстүрлі су доғасын ұйымдастырыпты.

Реклама
Реклама

Шекаралық бақылаудан өткеннен кейін бізді жергілікті тағамдармен сыйлады, олардың арасында осындай бауырсақ та бар. Аздаған комплимент ерекше болды, үй иесінің қонақжайлылығын сезіну өте дәмді және керемет ұйымдастырылған.

Шайдан дәм татқан соң біз Подгорицаға экскурсияға шықтық, онда олар бізге Александр Пушкин мен Владимир Высоцкийдің ескерткіштерін көрсетті және қала туралы әңгімеледі. Высоцкий Черногорияға екі рет барған және әрдайым осы ел жайлы жылы көзқараста еді. Ол "Черногория мотивтері" поэмасын жазды, онда Черногория оның екінші отаны бола алмайтынына өкінішін білдіреді. Черногориялықтар оның талантын жоғары бағалағандықтан, оған ескерткіш орнатқан.

Ұлы орыс ақынына келер болсақ, Пушкиннің батыл Черногорияның Наполеон басқыншыларына ерлікпен қарсылық көрсеткені туралы Балқан жерінде ескерткіш құрудың шешуші факторының бірі болды.

Бізге қаланың басты тартымды жері - Градска кафана - қалалық және орталық дәмхана таныстырылды. Черногориялықтар кездесуге немесе талқылауға жиналатын және сергіп көңіл көтеруді ұнататын жер.

Иә, бұл жердің сүйікті сусыны - дойч. Бұл не деп сұрайсыз ба? Бұл кофе, эспрессоға ұқсайды. Неге дойч? Өйткені дойчмарка бұрын Югославияда кеңінен қолданылған. Черногориялықтар: "Маған үлкен тостағанда сүт қосылған қос эспрессо беріңізші", - деп айтуға ерінеді екен. Бұл кофенің бір шыныаяғы бір дойчмарка тұрғандықтан, олар: "Маған бір дойч беріңізші" деп айтады екен. Бұл дәстүр 90-шы жылдары басталып, бүгінгі күнге дейін сақталған.

Біз елдің басты курорттық қаласы Будвадағы қонақүйімізге, біздің гид Милица Баровичтің (милициЯ емес, танысқан сәтте осыны әзілдеген болатын) қызықты оқиғаларын тыңдап қалай жеткенімізді байқамай да қалдық.

Осылайша мен Будваға жеттім. Олар мені жағажайда орналасқан жаңа Splendid қонақүйіне орналастырды. Бөлмеден қарағандағы көріністі қайтсаңызшы - жағажай бірнеше қадам жерде ғана. Ал су қандай тұзды, әрі жан сергітерлік! Менің ойымша, бұл кезеңде оны Ыстықкөлмен салыстыруға болады. Бірақ олар шілде-тамыз айларында Будвадағы су әлдеқайда жылы және жүзуге әлдеқайда жағымды дейді. Жағажай таңертеңнен кешке дейін қараң-құраң адамдарға толы.

Ескі Будва қаласы аванпостты көз алдыңызға келтіреді немесе дәмхана (сыра екі еуро) мен кәдесый дүкендеріне толы көшелері бар шағын қамалға ұқсайды (олар бір еуродан басталады).

Сонымен, көшелердің бірімен серуендеп, сіз ... жағажайға шыға аласыз. Бекініс қабырғаларының ар жағында жағажай. Өте ерекше көрініс.

Екінші жағынан, көптеген яхталары бар пирстер орналасқан. Адамдар осылай да өмір сүреді!

Кешкі асқа біздің шағын компания жергілікті отбасыға қонаққа келді. Черногориялықтарға қонақжайлылық тән, бұл қазақстандықтарға жағымды, әрі таныс.

Черногориялықтар тіскебасар тәттілерді өте жақсы көреді, ұлттық тағам - руштула ұсынылды. Біздің хворост сияқты. Мен үйде отырғандай сезіндім, тек айналада тау және теңіз.

Күн өте әдемі батты. Өкінішке орай, камера сұлулықты толық көрсете алмайды.

Келесі күн Черногорияның тарихи және мәдени астанасы Цетинеге барудан басталды. Қала теңіздің әдеттегі ландшафты аясында өте керемет, сондықтан сіз басқа елде жүргендей сезінесіз.

Черногориялықтар тарихи билеушілерін қатты құрметтеп дәріптейді, сондықтан олардың құрметіне сарайлар, ғибадатханалар, мұражайлар, ескерткіштер тұрғызылады және, әрине, көшелерге аттары беріледі. Дегенмен, барлығынан қарапайымдылық танылады (бұл қазақстандықтарға тән емес).

Бір кездері ол өмір сүрген Зета үйінде орналасқан патша I Николаға арналған мұражайды қараңыз. Бұл ғимарат князь отбасының резиденциясы ретінде қызмет етті. Сіз әр түрлі стильдегі сәнді жиһаздарды, қолдан жасалған жиһаздар, әртүрлі қару-жарақтарды көре аласыз.

Бильярд резиденциясы - бұл билеушілердің ескі резиденциясы, ол мұнаралары бар қамалға ұқсайды. Қазір бұл ғимаратта Черногория билеушісі II Петр Негош Петровичтің құрметіне мұражай орналасқан, онда оның портреттері, жеке заттары, елдегі алғашқы бильярд үстелі, кітапхана мен археологиялық жәдігерлер бар.

Сарай алаңында дәмханалардан басқа да бірнеше қызықты орындар бар. Мысалы, әлемдегі ең әйгілі мұражайларға дейінгі қашықтықты көрсететін хабарлама.

Бұл жерде православие ғибадатханалары бар ғибадатхананың маңызы ерекше - православиелік шоқындырушы Иоанның қолының бір бөлігі және кресттің бір кесегі орналасқан ғибадатхана ерекше маңызға ие.

Цетинеден келе жатқанда, біз черногориялықтар айтқандай, сергіп алу үшін әйгілі Негуши ауылына тоқтадық. Біз пршут (көмірге ыстап дайындаған немесе жел мен күнде кептірілген сиыр, не шошқа еті) пен ірімшіктің дәмін таттық. Жергілікті тұрғындар айтқандай, мұнда олар ең дәмді пршут қайда екенін айтпайды, өйткені олар ең жақсысы тек осында екенін біледі. Ал онымен дауласу қиын. Елге келген туристер әйгілі пршуттың, сондай-ақ үй ірімшігі мен табиғи тау балының дәмін тату үшін осы жаққа келеді.

Айтпақшы, сіз өзіңізбен бірге бірнеше тәтті ала аласыз (бағасы әр дана үшін 10 еуро).

Тамақтанып болған соң, біз Которға бардық. Бірақ бұған дейін мені 25 бұрылысы бар әйгілі жол күтіп тұрды, вестибулярлық аппараты әлсіз адамдар үшін нағыз сынақ. Мен сәл теңіз ауруымен ауырғанымды мойындауым керек. Жоғарыдан мынадай көрініс ашылды.

Айта кетсек, бұл Негуши мен Которды жалғайтын жалғыз жол. Бұл жолға байланысты романтикалық оқиға бар. Черногориялықтар сәулетші Йосип Сладе патшайым Миленаның сұлулығына соншалықты тәнті болады, ол патшайым есімінің бірінші әрпі М түрінде жолдың бір бөлігін төсейді. Алайда, бұл іс-әрекеті ханзада Николаға ұнамайды, ол сәулетшіні елден қуып жібереді.

Негуши Ловчен ұлттық саябағында теңіз деңгейінен шамамен 900 метр биіктікте орналасқан. Мұнда шамамен 15 жергілікті тұрғын бар, қалғандары туристер мен басқа қалалардан қызмет көрсететін жұмысшылар. Сондықтан барлық тұрғындар бір-бірін біледі және бір отбасы сияқты өмір сүреді. Негушиде қызықты қойылымдар, ұлттық билер өткізіліп тұрады.

Котор ЮНЕСКО тізіміне енгізілген, себебі ол Адриатика жағалауындағы басқа ортағасырлық қалаларға қарағанда жақсы сақталған. Қала қорғаныс мақсатында лабиринт сияқты салынған.

Көшелері тар, әр аттаған сайын 12 ғасырдағы шіркеуге, не 13 ғасырдағы бекініске тап боласыз. Өте әдемі.

Біз мұнымен тоқтап қалмай, Черногорияның ең романтикалық қаласы Перастқа бардық. Жағадан сіз аңызға айналған жасанды аралды көре аласыз. Бір кездері оның орнында қарапайым тас болған. Жергілікті балықшылар одан балық аулауды ұнататын. Содан кейін жартастан Әулие Мария белгішесі табылды. Балықшылар оны Перастқа әкелді, ал жергілікті тұрғындар жартастың орнына ғибадатхана салуды шешті. Жасанды арал салынды, онда жартастағы Құдайдың шіркеуі орналасқан. Аралды жаңарту және кеңейту әдеті бүгінгі күнге дейін сақталған. Жергілікті тұрғындар жыл сайын қайықтарына тас тиеп, белгіленген жерге тастайды.

Жанында тағы бір арал бар. Ол жерде қазір жабық ерлер ғибадатханасы орналасқан. Черногориялықтар үшін де ол жерге кіру мүмкін емес.

Қазір Пераст байлар мен атақты адамдардың демалыс орнына айналды. Мұнда тіпті фильм түсіреді. Сондай-ақ, Перастта сіз әйгілі саясаткерлерді кездестіре аласыз. Тағамға келетін болсақ, Перастың қасында устрица мен мидия өсірілетін бірнеше шаруашылықтар бар. Алайда мен бұл тағамның дәмін татуға батылым жетпеді. Ал, тілек білдірушілер бір данасына екі еуроға дейін төлеп алады.

Одан әрі бізді Тиват қаласы күтіп тұр. Біз оған пароммен жеттік. Керемет әсер алдық. Ал жергілікті тұрғындар үшін бұл үйреншікті нәрсе.

Баратын нүктеміз - жас, әрі көне қала. Тиват - Черногорияның ең жас қалаларының бірі, ол жақында туристерді қабылдай бастады. Онда сіз міндетті түрде бару керек жерлер бар! Мысалы, Porto Montenegro - Черногориядағы ең қымбат және сәнді теңіз айлағы. Оны тіпті Монакомен салыстырады. Жазда жүздеген миллион еуро тұратын супер яхталар теңіз айлағына келеді.

 

Бұл жақта бәрі сән-салтанатты. Катерлер мен әйгілі бренд дүкендерден бастап... 

және ғимараттарға дейін.

Біз Черногориямен танысуды Бар қаласына саяхатпен аяқтадық. Бір қызығы, Барда бірнеше дін қатар өмір сүреді. Әулие Йован ғибадатханасы осында орналасқан. Еуропаның әр түкпірінен Барға осы үлкен православие шіркеуіне келеді. Ол қаланың кіреберісінде орналасқан. Зәулім ғимарат сән-алтанатты, әрі керемет безендірілген.

Егер сіз қаланың ішіне кірсеңіз, Черногориядағы ең үлкен мешітті көре аласыз.

Жақын жерде қаланың басты көрікті жерлерінің бірі - үлкен зәйтүн ағашы бар. Ол Еуропадағы ең көне болып саналады. Зәйтүн ағашына 2000 жыл. Ол ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізілген және мемлекет қорғауында.

Ең маңызды туристік орын - Көне Бар. Мұнда уақыт тоқтап қалғандай. Черногория үкіметі қазіргі уақытта оның туристік маңыздылығын танытатын Ескі қаланы толық қалпына келтірудің жаңа жобасын әзірлеуде.

Көне Бар жағалаудан алыс төбеде орналасқан, ол жерге бір кездері бекініс ретінде салынған. Ішінде қирандылар өте көп. Тарихқа бір қадам жақындағандай боласыз.

Қорытындылай келе, айтқым келетіні, Черногория маған керемет әсер қалдырды, тура туған Алматыдай асқақ тауларымен, табиғатымен, тек біздің қалада теңіз ғана жетіспейді. Өте керемет. Ол жаққа қайта оралып, тағы да көбірек уақыт өткізгің келеді, тіпті көшіп баруға да дайынмын. Мен әлі келемін. Сау бол, Черногория.

Қалай жетуге болады?

Биыл Черногорияға бару ыңғайлы, әрі оңай, Air Astana күнделікті рейстер жібереді. Сондай-ақ, Алматыдан рейстер сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері, ал Нұр-Сұлтаннан дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері ұшады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

Автор: Асқар Рахимов

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная