Пхукетте қалып қойған қазақстандықтар Шымкентке жеткізіледі

Пхукетте қалып қойған қазақстандық туристер Шымкентке жеткізіледі. Бұл туралы "Туристік Қамқор" қорының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қор баспасөз қызметінің мәліметінше, Пхукеттен келетін қазақстандық туристері бар әуерейс 10 қаңтарда Шымкентке қонуы тиіс. Бастапқыда туристер Алматыға ұшып келуі керек болған, алайда алматылық әуежайдың жабылуына байланысты қазақстандықтарды Шымкентке жеткізу шешімі қабылданғаны айтылады. 

Қор өкілдерінің айтуынша, халықаралық репатриациялық рейстер саны артқан және шетелдегі отандастарымыз елге қайтарылады.