Павлодар облысында заңсыз аңшылық дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
2024 жылдың 20 қарашасында Павлодар облысында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "ОХОТЗООПРОМ"ӨБ" РМҚК инспекторлары Tank-300 маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатқан.
"Тексеру барысында еліктің еті және ИЖ-27 маркалы аңшылық мылтығы табылды, бірақ тиісті рұқсат құжаты болмаған.
Материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі аңшылық ережелерін қатаң сақтаудың қажеттігін еске салып, браконьерлік үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Қоршаған орта қорғау шаралары облыс аумағында күшейтілген режимде жалғасып жатыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!