Павлодар облысында туризмді дамытуға қанша қаражат жұмсалады

Баянауыл, Фото©Shutterstock

Kaz.tengritravel.kz порталы Қазақстан өңірлерінде туризмнің дамуына қатысты материалдар сериясын жалғастырады. Бұған дейін Түркістан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары туралы әңгімеледік, енді Павлодар туралы айтамыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Kaz.tengritravel.kz порталы Қазақстан өңірлерінде туризмнің дамуына қатысты материалдар сериясын жалғастырады. Бұған дейін Түркістан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары туралы әңгімеледік, енді Павлодар туралы айтамыз.

Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өңірдің туризм саласындағы негізгі міндеті - ішкі және келу туризмін, сондай-ақ туристік саланы дамыту және облыстың туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Реклама
Реклама

Облыс әкімдігі "Торайғыров университеті" КЕАҚ-пен бірлесіп, Павлодар облысында 2025 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасын әзірледі. Оның басты мақсаты - жыл бойғы жұмыс режиміне көшу.

Әзірленген тұжырымдамаға сәйкес, эко, этно, емдеу-сауықтыру және қасиетті туризм басым түрлерге айналды.

Павлодар облысының туристік объектілеріне Баянауыл курорттық аймағы, бірнеше тұзды көлдер, Шалдай қарағайлы орманы және Ертіс өзені жатады. Өңірде бір реттік сыйымдылығы 8610 төсек орын болатын 123 нысан бар.

Қазақстанда туризмді қалай дамытады және оған қанша қаражат жұмсайды: Түркістан облысы

Туристік картаның топ-10 басым туристік аумағына кіретін Баянауыл курорттық аймағында Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл және Біржанкөл көлдері, сондай-ақ Мырзашоқы тау шаңғысы кешені бар. Осы жазғы маусымда мұнда 46 демалыс үйі жұмыс істейді, онда бір уақытта 4 640 адамға дейін демалуға болады. Олардың үшеуі осы жылы ашылды - 44 орындық "Терраса", 40 орындық "Жасыбай Vilage" және 30 орындық "Кожин" ЖК.

Сабандыкөл көлі, фото @alexanderanissov 

Маралды тұзды көлінің жанында төрт демалыс орны бар, онда жалпы 22 орын бар.

Шалдай орманында туристер үшін 20 орындық "Қарағай алаңы" қонақүйі қызмет көрсетеді.

Екібастұз қаласының ауылдық аймағында "Солнечный" демалыс базасы орналасқан.

Ертіс өзенінің жағалауында көптеген күндізгі демалыс аймағы орналасқан.

Павлодар облысында туристік нысандардың инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.

2020-2021 жылдары Баянауыл курорттық аймағында Жасыбай, Торайғыр және Сабындыкөл көлдеріндегі жағажайлар абаттандырылды. 10 санитарлық-гигиеналық тораптар, 10 жуыну кабиналары орнатылды, ұлттық парктің екі бақылау-өткізу бекеттерінде аумақ картасы бар ақпараттық стендтер орнатылды.

Жасыбай көліне кіреберістегі 15 шақырым жолды және Жасыбай - Торайғыр аудандық маңызы бар автожолдың 12,4 шақырымы жөнделді. Онда жол таңбалары салынды.

Баянауыл, фото©Shutterstock 

2022 жылы Жасыбай көлінің жағасында санитарлық-гигиеналық тораптарға дейін тас төсеуге сметалық есеп және жағажайдың орталық бөлігінде "Менің жүрегім - Жасыбай" деген жазуды орнатуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Бұл жұмыстарды осы жазғы маусымда жүргізу жоспарланған.

Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесінің аумағында модульдік дәретханаларды орнату бойынша жоба дайындалды. Қазіргі уақытта ұңғымалар бұрғыланды. Қалған жұмысты осы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.

Баянауыл ауданында интернет және ұялы байланыс сигналының сапасын арттыру үшін Қаражар және Торайғыр ауылдарына мұнаралар орнатылды. Мәшһүр Жүсіп ауылында оператор биіктігі 30 метр антенна-діңгек құрылысын орналастыру үшін көлемі 15х15 метрге дейінгі жер учаскесін ресімдеді. Құрылысты 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қаражар ауылын дамыту мақсатында Баянауыл ауданының әкімдігімен биыл 5 миллион 980 мың теңгеге техникалық құжаттаманы дайындау үшін қаражат көзделген. Қаржы мына бағыттарға: Қаражар ауылының 2,4 километр кентішілік жолдарын орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге және Мырзашоқы тау шаңғысы базасына кіретін төрт шақырым кірме жолды орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге, Баянауыл ауданының елді мекендерінен су құбыры желілерін салуға ЖСҚ әзірлеуге, Қаражар селосына Мырзашоқы дейін, Қаражар селосына көше жарығын салуға ЖСҚ әзірлеуге жұмсалады.

Шарбақты ауданының Маралды тұзды көлінің демалыс аймағын абаттандыру жалғасуда. Биыл қосымша шатырлар, жазғы дәмханалар, қазандық, күркелер салынды, 35 миллион теңгеден астам сомаға жағалауда жатуға арналған орындар сатып алынды.

Аққулы ауданының Тұзқала көлінде төрт демалыс аймағы абаттандырылды.Олардың иелерінің инвестициялары 7,5 миллион теңгені құрады. 2018 жылы бюджет қаражаты есебінен Тұзқала көліндегі демалыс аймақтарына 13 миллион 60 мың теңге сомасына электр желілері тартылды. Қазіргі уақытта демалыс аймақтарының иелері демалыс орындарына электр желілерін тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, Тұзқала көліне 352 миллион 400 мың теңге сомасына үш шақырым кірме жолдың құрылысына ЖСҚ әзірленді.

Павлодардың орталық жағажайы абаттандырылды: 120 миллион теңгеге шатырлар, жуынатын бөлмелер, киім ауыстыратын бөлмелер, пирстер, ауыз су бұрқақтары, санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылды.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2022 жылы 987 миллион теңгеге 17 жоба іске асырылды. Олардың ішінде демалыс үйлерін, мәдени-тарихи нысандарды, қонақүй және мейрамхана кешендерін, жол бойындағы сервис объектілерін қалпына келтіру және салу бар.

2025 жылға дейін 9 миллиард 200 миллион теңге сомасына 38 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың ішінде: үш миллиард теңге сомасына аквапарк салу, Жасыбай көлінің жағасында "Березовая роща" демалыс үйін қалпына келтіру, 800 миллион теңге сомасына Pride көпфункционалды отбасылық кешенін салу, Сабындыкөл көлінің жағасында бір миллиард теңге сомасына "Тұлпар" демалыс базасын салу, Ақсу қаласында 370 миллион теңге сомасына "Қазазияинвест" көпфункционалды кешенінің құрылысы қарастырылған.

2021 және 2022 жылдары өңірде "Туристік қызметті реттеу" бағдарламасы бойынша 42 миллион 700 мың теңге қарастырылған. Бөлінген қаражаттың 37 миллион 600 мың теңгесі 11 имидждік туристік іс-шараны өткізуге, бес миллион 200 мың теңгесі кәдесый өнімдерін дайындауға жоспарланған.

фото Instagram/radblog_mwsr 

Биыл мына іс-шараларды өткізу жоспарланған: "Таза Баян - Таза жүрек" экологиялық акциясы, жергілікті туроператорлар, БАҚ өкілдері және РФ шекаралас аумақтары үшін ақпараттық тур, Muzlike музыкалық фестивалі, Баянауыл курорттық аймағында жазғы маусымның ашылуы, Баянауыл курорттық аймағында қысқы маусымның ашылуы, қарбыз фестивалі, "Ертіс думаны" туристік көрмесі, "Туризм алға" олимпиадасы, жылжымалы туристік көрме, "Менің Отаным - Қазақстан", ұлттық тағамдар фестивалі.

Бүгінгі таңда екі миллион 800 мың теңгеге кәдесый өнімдері дайындалды, алты миллион 200 мың теңге "Таза Баян - Таза жүрек" экологиялық акциясы, Баянауыл курорттық аймағында жазғы маусымның ашылуына арналған іс-шараларды өткізуге жұмсалды. Қалған шараларды өткізу 2022 жылғы желтоқсанға дейін жоспарланған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная