Павлодар әуежайына танымал ғалымның есімін беру ұсынылды

Фото: akorda.kz

Павлодар әуежайына қазақтың танымал ғалымының есімін беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар әуежайына қазақтың танымал ғалымының есімін беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Сенатор Алтынбек Нұхұлы Үкімет басшысының атына жолдаған депуттатық сауалында Павлодар әуежайына академик Қаныш Сәтбаев есімін беруді ұсынды.

Сонымен қатар, депутат алғашқы академиктің толық 10 томдығы мен 5 томдық академиялық жинағын дайындап, басып шығару, екі тілде толықтырылған және қайта өңделген энциклопедияны қайта шығару қажеттілігін айтты.

Реклама
Реклама

"Қазақстанда жұмыс істейтін Сәтбаев мұражайларын заманауи талаптарға сәйкес қалпына келтіру, Қаныш Сәтбаев туған жерде мемориалдық кешен салу, сондай-ақ 30 шақырымдық туристік жол құрылысын бастау маңызды", - деп қорытындылады сенатор.

Айта кетейік, 2021 жылы Астанада Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды. Жобаны Павлодар облысының әкімдігі және Баянауыл жұртшылығы - ғалымның жерлестері жүзеге асырды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная