©Shutterstock ©Shutterstock

Парижде Бозжыра шатқалын қорғау акциясы өтті


Парижде Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын аймақтар тізіміне кіретін Бозжыра шатқалын сақтап қалуға шақыратын шара өтті, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Акцияны ұйымдастырушылар әлем назарын Қарақия ауданында орналасқан осынау табиғат туындысына аударуда мақсат тұтты. Олар ежелгі мұхит орнында құрылыс жүргізуді тоқтатуды талап етті.

Париждегі елдің басын қосуға ұйытқы болған хореограф Дана Мұса. Дана Маңғыстау өңірінің қызы. Бозжыраны игеруді ойлаған топ сол жерде қонақүйлер мен виллалар, шағын сауда орындарын ашып, тіпті тікұшақ қонатын орынға дейін даярлап, саяхатшылар тартуды көздеген болатын. Алайда жергілікті жұрт тасқа айналған ұлу қабыршақтарын, теңіз кірпісін, белемнит деп аталатын былқылдақ денелілерді, тіпті мезозой дәуіріндегі Тетис мұхитында өмір сүрген акуланың тісін де табуға болатын қорыққа ондай құрылыс жүргізу қисынсыз деп санайды. Жақында Маңғыстауда қоғамдық талқылау өтіп, өңір тұрғындары онлайн-петиция өткізді. Париждегі акция соның жалғасы іспеттес.

"Бізді дұрыс түсініңіздер. Елде туризмді дамытуға тіпті қарсы емеспіз. Тек табиғатты бүлдірмей-ақ өркендетуге болады ғой. Кейбір кісілер елдің арыз-арманын елемейтін секілді. Қазақстан туризмі дами берсін, тек экологияға да мән берсін. Құстарға кеселі тимесін, табиғатқа зиян келтірмесін. Баса көктеп Бозжыраға салмай-ақ өзге жерді игеруге де болады ғой. "Айналасы жиырма шақырымды құрлыс жүрмеуі тиіс", - депті эколог мамандар. Біз оларды қолдаймыз", - деді акцияны ұйымдастырушысы Дана Мұса.

"Бозжыраны қолдауға әдейі келдім. Егер мен ит арқасы қияннан барып, көзтаныс қонақүйлерді көріп қайтатын болсам, онда не ұтам. Әлгі тарихи орынның тас-талқаны шығып жатса, менің саяхатымнан не сән қалады? Бозжыраны бүлдіруге болмайды. Ойымды жеткізіп, қолдау білдіру үшін әдейі уақыт арнадым", - деді фотограф Жорди Лагут.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Осыған ұқсас мақалалар

Жер астындағы көл мен ежелгі қирандылар. Неліктен туристер Қазақстанның ең қорқынышты елес-қаласына баруға құмар? Жер астындағы көл мен ежелгі қирандылар. Неліктен туристер Қазақстанның ең қорқынышты елес-қаласына баруға құмар?
SCAT әуекомпаниясы Ресейге қатынайтын рейстердің біршамасын тоқтатты SCAT әуекомпаниясы Ресейге қатынайтын рейстердің біршамасын тоқтатты
"Қара інжу-маржан" және емдік бұлақтар. Маңғышлақ келушілерді қандай су байлығымен таңғалдырады? "Қара інжу-маржан" және емдік бұлақтар. Маңғышлақ келушілерді қандай су байлығымен таңғалдырады?