"Өте қорқынышты, бірақ керемет". Жығылған мүйісі туристерді несімен қызықтырады?

Фото @anastassiya_vladislavovna

Жығылған мүйісі Маңғыстау облысы Маңғышлақ түбегіндегі ерекше орындардың бірі болып саналады. Мұнда болған туристер бұл жердің ерекше көрінісіне таң қалады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осынау жердің ерекшеліктері туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жығылған мүйісі Маңғыстау облысы Маңғышлақ түбегіндегі ерекше орындардың бірі болып саналады. Мұнда болған туристер бұл жердің ерекше көрінісіне таң қалады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осынау жердің ерекшеліктері туралы баяндайды.

Шетсіз-шексіз жазықтың шеті табылғандай. Маңғышлақ түбегіндегі Түпқараған аймағында ол жарты ай тәрізді ұзындығы үш шақырымға жетерлік төмен құлдилаған тас. Кейбір дереккөздер тіпті диаметрі 10 шақырымға жететіндігін көрсетеді. Бұл жартастың әр жердегі биіктігі 50-ден 200 метрге дейін. Бұл қабырғаның негізінде үлкен тастар әр жерде шашырап жатыр. Одан кейін Каспий теңізі.

Реклама
Реклама


Фото @nurmax888

Бұл жер Жығылған мүйісі деп аталады, бұл "жығылу", "құлау" дегенді білдіреді. Жергілікті тұрғындар атаудың шығу тарихы туралы аңыздар небір аңыздар айтады.

"Бұл аймақта Пайғамбар қасиетті адам өмір сүрді. Таңертең және кешке ол мінәжат ету үшін атқа отырып жағалауға келді. Өлі тыныштықты тек толқынның дыбысы бұзып тұрды. Бірде намазын оқып болғаннан кейін Пайғамбар атының жоғалып кеткенін байқады. Іздеп еді, табылмады. Содан бері жағалауды лай басып, жақын маңдағы көл тұзданып, бір кездері үлкен тастар құлап, үлкен ойпаңдар пайда болды, - делінеді аңызда.

Жарға жақын жерде "өлі" Көздіқара көлі бар. Сирек көрініс: сары құмдар мен құрғақ сексеуілдердің арасындағы үлкен көл. Кейбір қырынан қарағанда, көл жүрек пішінді болып көрінеді. Су қоймасының пайда болу тарихы белгілі емес, бірақ көлдің тереңдігі туралы аңыз бар, егер оған қошқар түсіп кетсе, біраз уақыттан кейін ол Каспий теңізіне қалқып шығады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Asselya (@asselya_yan)

Көл тұзды, бірақ шомылуға болады. Су денені ұстап тұратындай тығыз. Жақын жерде тұщы бұлақ бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Valentina (@valyaaktau)

Туристердің алған әсері

Турист Жанна Нұрбаева отбасымен бірге Жығылған мүйісіне барып қайтты. Ол сол жердің көрінісі сапарға шыққандардың ешқайсысын бей-жай қалдырмайды дейді.

"Сіз өз көзіңізбен көруіңіз керек. Тастармен қоршалған, іс жүзінде керемет шеңбер түрінде орналасқан үлкен таулы аймақ. Ол Каспий теңізінің жағасында орналасқан, бірақ басқа мүйістерден айырмашылығы, жұмсақ тегіс, ол жартасты және беткейлері сынған тастармен қоршалған. Жығылған мүйісінің максималды биіктігі - 200 метр, ойпаттың диаметрі - төрт шақырым", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жанна Нурбаева Психолог (@zhanna_nurbayeva)

Ақтау қаласының тұрғыны бұл жерде ойпаңның жақында пайда болғандай сезілетінін айтады.

"Маған, бұл апат жаңа ғана болғандай көрінді, шетінде осындай үлкен жарықшақтар бар және тастардың біртіндеп құлағанын көре аласыз. Оларға мыңдаған жылдар болса да. Мен, жартастары мен қатты жел соққан шетінде тұрудан, биіктен қатты қорқамын. Бұл мен үшін ерік-жігерді шынықтыру болды", - деп бөлісті Жанна.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Салта (@salta.ospanbekova)

Саяхатшы Анастасия да алған әсерімен бөлісіп, бұл жердің ерекше қуат беретінін айтады.

"Мен бұл жерге жыл сайын бірнеше рет келемін. Жолы бар. Бірнеше бақылау алаңдары бар. Бірақ оны өз көзіңізбен көру керек. Ерекше сезімде боласыз. Шынында да, құлаған жер", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????'? (@anastassiya_vladislavovna)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ENGLISH ONLINE Научу говорить (@nadia_english_online)

Миллиондаған жылдар бұрын мұнда не болды?

Ғалымдар миллиондаған жылдар бұрын бүкіл Маңғыстау облысы ежелгі Тетис және Паратетис мұхиттарының жағалық бөлігінде болған деп болжайды. Бұл құрлықтағы және теңіз фаунасының көптеген өкілдеріне осы жерлерде өмір сүруге мүмкіндік берді. Бұл ландшафттың алуан түрлілігін аңғартады: үстірттер, ойпаттар, шөлдер, таулар мен тау жоталары. Сіз тек Жығылған мүйісінің маңында ғана емес, сонымен бірге бүкіл түбекте ежелгі жануарлар мен балықтардың іздерін немесе қалдықтарын көре аласыз. Сонымен, палеонтолог Владимир Ярцев өзінің бір сұхбатында Маңғыстауды палеонтологиялық музей деп атауға болады дейді. Бұл бірегей орын - оның кәсібінің өкілдері үшін қазына болып саналады.

"Таңғажайып, қазіргі Маңғыстау аумағында өмір сүрген ежелгі акулалардың бірнеше түрі бар. Осы жерден тапқан акулалардың тісін суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған сайын маған коллекционерлер хабарласып осы тістерді сатуымды сұрайды", - дейді Владимир. 


Otodus акуласының тісі (Бұл акула мегалодонның арғы атасы) Фото Владимир Ярцев, @hedgehog_1979

Владимир мұндай олжалар жағалау аймағының барлық жерінде кездеседі, ал олардың кейбіреулері мемлекеттік деңгейде дейді. Бірде, 2019 жылдың мамыр айының соңында Владимир ихтиозавр қаңқасының омыртқаларын тапты. Кәсіби палеонтологтың айтуынша, оның ұзындығы 12-13 метрді құрады. Қазір ол Ақтау мұражайында. Ол сондай-ақ палеоген дельфинінің, семсербалық қаңқасының сынықтары мен тістерін тапты. Көптеген кішігірім олжалар - тістер, аммониттер, қазба жануарлардың қаңқа сынықтары бар.

"Instagram желісінде тапқанымның небәрі 10 пайызын ғана жариялаймын, қалғанын ұмытып кетіп жатамын. Кейінірек еске түсіп жатады, жалпы қызықты дүниелердің көбісін жарияламаймын", - деп жазады Владимир өз жазбасында. 


Фото Владимир Ярцев

Ал турист Сергей Малышев өзінің Instagram-дағы аккаунтында Жығылған мүйісінен түсірілген суреттерімен бөлісті, онда басылымда жазылғандай жылқы мен семсер тісті жолбарыстың іздері көрінеді.

"Жығылған тастардың жасырын қабаттарын ашты, кейбір жерлерде тастардан гиппариондар мен махайродтардың (жылқылардың аталары мен семсер тісті жолбарыстардың) іздерін кездестіруге болады. Бұл өте қызықты болды, өйткені бұл іздерге миллиондаған жылдар болған. Кейбір жерлерде. тік қабырғаларда көзбен көрінетін іздер болды", - деп жазады Сергей сурет сипаттамасына. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sergey Malyshev (@travel_s.malyshev__)

Қалай жетуге болады

Көліксіз бара алмайсыз. Бұл орындарға автобус, такси, велосипедпен жету мүмкін емес, және сіз қанша уақыт кететінін білмейсіз. Джип-турды арнайы агенттіктерден жалдауға болады. Жығылғанға қазіргі таңда Маңғыстау бойындағы туристік бағыттардың біріне айналған.

Ақтау қаласынан Таушық ауылына қарай 90 шақырымдай жүру керек. Таушықтан өтіп, Форт-Шевченко қаласына қарай 40 шақырым жүріңіз. Содан кейін Сұлтан-епе мешітіне белгі болады, содан оңға бұрыласың, екі шақырымнан кейін Кенті-баба, одан екі шақырымнан кейін - Сұлтан-епе өтеді. Бұдан әрі Баутино ауылы бағытында Жығылған мүйісіне шамамен 35 шақырым. Мұнда жол белгілері жоқ, картаны қолдана білу керек. Баратын жерді белгілеп, сол арқылы жетіп аласыз. Алыстан Жығылғанды жоғарғы жағындағы шағын белгі арқылы анықтауға болады.

Жыланның көптігіне байланысты шатыр тігуге болмайды. Азық-түлік пен суды Ақтаудан алғаныңыз жөн. Жол ұзақ, елді мекендер аз, сондықтан әр түрлі жағдайға дайын болу керек. Алғаш сапарға шыққан кезде жергілікті гидтердің қызметтерін пайдалануды ұсынамыз.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная