Отандық өндірістегі вагондар қай бағытта қатынайды?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жаңа вагондар Павлодар - Түркістан бағдары бойынша пойыздар құрамында жүретін болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа вагондар Павлодар - Түркістан бағдары бойынша пойыздар құрамында жүретін болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания паркі отандық өндірістегі тағы 12 жаңа купе жолаушылар вагонымен толықтырылғаны айтылады. Заманауи жаңа вагондар №45/46 "Павлодар - Түркістан" бағдары бойынша пойыздар құрамында жүретін болады.

"Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жаңа вагондар ауаны баптау жүйесімен, ауа сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен және тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купе электр розеткаларымен және USB қосқыштарымен жабдықталған. Тиісті пайдалану кезінде жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін", - дейді компания өкілдері.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2023 жылы қыркүйек айында "Жолаушылар тасымалы" АҚ паркі отандық 32 жаңа жолаушылар вагонымен толықтырылған болатын. Вагондар Ақтөбе темір жол маршруттары бойынша сәтті жүріп жатыр.

Келесі жылдың басында қазақстандық 100 жолаушылар вагоны жолға шығады. Сонымен қатар, 2025-2030 жылдар аралығында Stadler компаниясының 537 вагонын сатып алу көзделген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная