Өскеменнен Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыға рейстер қайта ашылды

Өскеменнен 1 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыға рейстер қайта басталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Qazaq Air әуекомпаниясына сілтеме жасап.

Мына рейстер жоспарланған:

Өскемен - Нұр-Сұлтан аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі). Билет құны 16 041 теңгеден басталады.

Өскемен - Алматы аптасына 4 рет (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі). Билет құны 22 385 теңгеден басталады.

Өскемен - Қарағанды аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі). Билет бағасы 20 000 теңге.

Қазір Қазақстан халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіруді жалғастырып жатыр. Саяхатшыларға аптасына 227 маршрут бойынша 51 рейс қолжетімді. 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасында әуе рейстерінің саны артады, ал қазанда Мальдивке рейстер ашылады. Сонымен қатар, Оңтүстік Корея, Польша, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Кувейт және Әзербайжанға рейстерді жаңарту жоспарланған.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!