Өскемен әуежайындағы бұзушылықтар: басшылыққа айыппұл салынды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Өскемен әуежайында жоспардан тыс қауіпсіздік инспекциясын өткізді. Тексеру нәтижесінде жүйелі сипаттағы авиациялық қауіпсіздік талаптарының бірқатар бұзушығы анықталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" ҚР Заңының 107-бабына сәйкес әуежайдың бірінші басшысы Н.И. Короленко, оның орынбасары - әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Р. А. Григорьев және "Өскемен әуежайы" АҚ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 570-бабының 1 және 2 бөлігі бойынша жалпы сомасы 480 АЕК - 735 120 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Тексеру 22-23 тамыз аралығында Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізілді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!