Өскемендегі әуежай ұшу-қону жолағын қайта жаңартқаннан кейін жұмысын бастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстанның облыс орталығындағы әуежай 1 мамырда жөндеу жұмыстарына жабылған болатын. Төрт ай толық қайта құруға кетті, оның ішінде ескі ұшу-қону жолағы ауыстырылды. Оның ұзындығы 2,8 шақырымға, ені 60 метрге дейін ұлғайды. Мамандар жаңа ерекшеліктер бағыттар мен маршруттардың санын арттыруға, сондай-ақ жоғары кластағы ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік беретініне сенімді.
Бұдан бөлек әуежайда жарық-сигналдық жабдықтар орнатылып, техникалық қызметке арналған жаңа ғимарат салынды. 15-21 қыркүйек аралығында жарық сигналдық және аэронавигациялық жабдықтар жүйесіне жазғы тексеру жүргізілді.
"Бүгін таңертең әуежай алғашқы рейстерді қабылдады", - деп хабарлады әуежайдың анықтама қызметі.
Айта кетейік, соңғы рет Өскемен әуежайын қайта жөндеу жұмыстары 1996 жылы жүргізілген болатын.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!