Оралға рейстер қайта іске қосылады

FlyArystan әуекомпаниясы Оралға рейстердің қайта жанданатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әуетасымалдаушы компания мәліметінше, Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан және Ақтаудан Оралға 2022 жылдың 20 тамызынан 20 қыркүйекке дейін ұшатын болады. 

Ұшу жиілігі рейстердің шектеулермен жанданғаны айтылады. 

Айта кетейік, 18 шілдеде Орал қаласының әуежайында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1 тамыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясы ішкі бағыттар бойынша Оралдан/ға орындалатын рейстерді тоқтатқаны айтылды. Алайда "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Орал қаласының әуежайында әуе кемелерінің ұшуын шектемегенін мәлімдеді.