Оралдан Алматыға аттанған ұшақ Ақтөбеге қонды

Оралдан Алматыға ұшқан Fly Arystan әуекомпаниясының KC 7166 рейсі Ақтөбеге қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Мой город" басылымына осы рейсте ұшқан жолаушылар хабарласқан. Борт Алматыға 18 қарашада 6:15-те қонуы керек болған. Алайда енді діттеген жерге жету үшін тағы тоғыз сағат уақыт кетеді, өйткені жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген.

"Ішімдік ішкен адамның денсаулығы нашарлап кетті, барлық жолаушыларды түсіріп тастады. Рейсті 18 қарашаға 18:00-ге қойыпты. Таңда тағам сұрадық, бізге талон берді. Онда бір шыны шәй және бутерброд болды, оны бізге дереу даярлап бере салды", - дейді кейінге қалған рейстің жолаушысы.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5:20-да Ақтөбе әуежайына ұшақ дереу қонуға мәжбүр болды. Алайда ер адамның ішімдік ішкені туралы ешқандай мәлімет айта алмаймыз, өйткені ер адамды дереу ауруханаға алып кеткен.

"1963 жылғы ер адамның денсаулығы нашарлауына байланысты хабарлаймыз. Ол Ақтөбе жедел медициналық ауруханасына жатқызылды", - деді департамент өкілдері.