Орал халықаралық әуежайын кімдер басқарады?

Орал әуежайын сенімгерлік басқаруға берудің мән-жайы белгілі болды. Стратегиялық нысан әлі мемлекет меншігінде, бірақ оны үш жыл ішінде инвесторлар басқарады, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Жақында Орал әуежайының жаңа мамандандырылған инвесторы пайда болғаны белгілі болды. Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы компаниясын екі қазақстандық және бір ресейлік компаниядан тұратын консорциум сатып алды. Ресейлік компания - қазақстандық инвесторларға бақылауды сақтай отырып, әуе айлақтарын кәсіби басқаруға маманданған "Өңірлік әуежайларды" басқару компаниясы.

Aqjaiyq ӘКК АҚ басқарма төрағасы Нұржан Өтепбаев брифинг барысында Aqjaiyq ӘКК АҚ мен "Орал халықаралық әуежай" ЖШС арасында 2018 жылғы наурызда бірлескен қызмет туралы келісім (консорциумдық келісім) жасалғанын айтты. Оның аясында "Орал халықаралық әуежай" ЖШС әзірленген жобалық-сметалық құжаттамасы бар жолаушылар терминалын Aqjaiyq ӘКК АҚ меншігіне берді, ал корпорация өз кезегінде қаржы тартып, терминалды қайта жөндеуден өткізді. Одан әрі терминал "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС сенімгерлік басқаруына берілді.

Ең қызығы, мемлекет әлеуетті инвесторды таңдауға да, бұрынғы және қазіргі инвесторлар арасындағы қатысу үлесін беру процесіне де қатыспады, ал жаңа менеджер әуежайды дамыту жоспарын 2-3 апта ішінде беруге уәде берді.

Толығырақ Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!