Орал әуежайы: жөндеу жұмыстары туралы не белгілі?

Фото: Орал әуежайының баспасөз қызметі

Орал халықаралық әуежайы әуеайлағының ұшу-қону жолағында деформациялық тігістерді жөндеу басталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орал халықаралық әуежайы әуеайлағының ұшу-қону жолағында деформациялық тігістерді жөндеу басталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын әуежай мамандары, сондай-ақ "ОралЖолСтрой" мамандандырылған ұйымының қызметкерлері жүргізеді. Тігістерді тазарту жұмыстары басталып кеткен.

"Мердігерлік ұйымның қызметкерлері оларды герметизациялауға кірісті. Жоспар бойынша, қолданыстағы ұшу-қону жолағында 17000 метрден астам қысу тігістері жөнделеді. Әуежайдың өткізу қабілеті мен қалыпты жұмысын бұзбау үшін рейстер арасында арнайы бөлінген технологиялық "терезелерде" жұмыс істеу туралы шешім қабылданды", – деп хабарлады әуе айлағының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Тігістерді жөндеу - бұл көп уақытты қажет ететін процесс, ол бірнеше кезеңнен тұрады.

"Пайдаланылатын барлық материалдың сәйкестік сертификаты бар және әуеайлақтарды пайдалану және ағымдағы жөндеуге арналған материалдар тізбесіне енгізілген", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оралдан қайда ұшуға болады?

Әуежайдың баспасөз қызметі бірнеше рейстердің үнемі орындалатынын хабарлады.

"Бізде күн сайын Алматы мен Астанаға, Air Astana және FlyArystan әуекомпанияларының күштерімен рейстер бар. Сондай-ақ аптасына үш рет Ақтауға, аптасына 4 рет Атырауға рейстер орындалады. Аптасына екі рет Шымкент пен Түркістанға. Халықаралық: Антальяға (Түркия) аптасына 2 рет (SCAT әуекомпаниясы) және аптасына 2 рет FlyArystan ұшады. Сонымен қатар, мысырлық Шарм-эль-Шейхке (чартер) рейстер бар. Сондай-ақ сәрсенбіде Франкфуртқа (Германия) екі рейс бар", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная