Осы аптадан бастап Оңтүстік Кореяда жолаушыларды ұшаққа отырғызудан бұрын салмағын өлшей бастады. Мұндай бұйрық Көлік тасымалы министрлігі тарапынан шығарылған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Independent газетіне сілтеме жасап.
Міндетті салмақ өлшеу рәсімі әуекомпанияға ұшақ бортындағы салмақты тепе-тең ұстауға көмектесіп, жанармай үнемдеуге және ұшу қауіпсіздігін жақсартатын көрінеді.
Korean Air өкілдері жолаушылардың артық салмақ үшін қосымша ақы төлемейтінін айтты, бұл тек статистика үшін қажет екен. Оңтүстік Кореяның Жер, инфрақұрылым және көлік тасымалы министрлігі авиатасымалдаушылардан келіп түсетін ақпаратты өңдеумен және талдаумен айналысады.
Әуекомпания сонымен қатар өлшеу процедурасы әзірге тек ерікті түрде болатынын және қаласаңыз, одан бас тартуға болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Korean Air ресми өкілдерінің айтуынша, мұндай деректер ұшақ салондарында жүктемені сауатты бөлу және отын шығынын азайту есебінен жыл сайын миллиард долларға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді-мыс.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!