Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өтпек болған қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Сыртқы істер министрлігі өкілі Оңтүстік Кореядан қашпақ болған қазақстандық екі азаматқа қандай шара қолданылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореядағы консул отандастарымен кездескенін айтты.

"Консул олармен кездесті, олардың жағдайы жақсы, шағымдары жоқ. Прокуратура істі сотқа берді, бірінші тыңдалым мамырдың ортасында өтеді, олардың адвокаты мемлекеттік адвокат, туыстарымен байланыстамыз", - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін екі қазақстандық ер адам Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болғанын хабарлаған едік. Олар Оңтүстік Кореяға биыл 24 наурызда Ташкенттен барған. Кейін олардың туысқандары оқиғаның мән-жайын айтып, сұхбат берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!