Оңтүстік Корея қазақстандықтарды жұмысқа қабылдай бастайды - келісім дайын

Фото:depositphotos.com / VictorJiang

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға заңды түрде жұмыс істеуге қашан бара алатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға заңды түрде жұмыс істеуге қашан бара алатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазанда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігімен келіссөздер жүргізген.

"Олардың Еңбек министрлігінде басшылық ауысып, біздің келісімді келісу процесі сәл созылып кетті. Құжат әзірленіп, талқылау және келісу үшін Оңтүстік Кореяға жіберілді", – деді Жақыпова Мәжіліс кулуарында.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, бұл келісім жыл аяғына дейін қабылдануы мүмкін. "Содан кейін қазақстандықтар ол жаққа жұмысқа бара ала ма?" – деп сұрады журналистер.

"Әрине", – деп жауап берді еңбек министрі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная