Онлайн-сервистен билет алған саяхатшы діттеген жеріне ұша алмады. Сот шешімі шықты

© pixabay.com/StockSnap

Tурист ЖШС мобильді қосымшасы (Travel билеттерді іздеу және сатып алу бойынша онлайн-сервисі) арқылы Ыстамбұл-Лондон-Бриджтаун бағыты бойынша әуе билеттерін сатып алған. Алайда авиатасымалдаушы көрсетілген ұшу күнінде (2022 жылғы 12 қыркүйек) туристі рейске жібермеген және төлемнің болмауына байланысты отырғызу талонын бермеген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Жоғарғы сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Tурист ЖШС мобильді қосымшасы (Travel билеттерді іздеу және сатып алу бойынша онлайн-сервисі) арқылы Ыстамбұл-Лондон-Бриджтаун бағыты бойынша әуе билеттерін сатып алған. Алайда авиатасымалдаушы көрсетілген ұшу күнінде (2022 жылғы 12 қыркүйек) туристі рейске жібермеген және төлемнің болмауына байланысты отырғызу талонын бермеген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Жоғарғы сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәтсіздікке ұшыраған турист сотқа ЖШС-ге авиабилеттер мен моральдық зиян үшін өз шығындарын шамамен 2 миллион теңгеге өтеу міндеттемесі туралы талап қоюмен жүгінген.

Реклама
Реклама

"Бірінші сатыдағы сот талап қоюды ішінара қанағаттандыра отырып, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның 7-бабына және 24-бабының 6-тармағына сілтеме жасап, тараптар арасында жасалған агенттік шартының талаптарын көрсеткен. 2022 жылғы 16 қыркүйектегі төлем тапсырмасымен, яғни жоспарланған ұшудан 4 күн өткен соң расталған билеттерге төлем жасалмағандықтан талап қоюшыны ұшақ бортына жібермеу фактісі де назарға алынған. Тұтынушы құқықтарының бұзылуына байланысты ЖШС-дан сатып алынған және пайдаланылмаған авиабилет және моральдық зиянды өтеу үшін шамамен 600 мың теңге өндірілген", - делінген хабарламада.

Апелляция бұл шешіммен келіспеген, өйткені ЖШС-ге билет құнын қайтару бойынша жауаптылық жүктеудің құқықтық негіздері жоқ деп есептеген. Түйіндеме авиатасымалдаушының Бриджтауннан қайту билетінің болмауына байланысты талап қоюшыны ұшақ бортына жібермеу туралы жауабымен негізделген. Талап қоюшы "Бриджтаун-Лондон" бағытымен қайту билетін 2022 жылдың 28 қыркүйегінде ғана сатып алған. "IATA" сервисінің ақпараты бойынша, 550 мыңнан аса теңге (авиабилет құны) іс жүзінде авиатасымалдаушының атына аударылған.

Жоғарғы Сот істі қарағаннан кейін апелляциялық шағым қорытындылары заң талаптарына сәйкес келмейтінін және нақты жағдайларға қайшы келетінін көрсетті. Жауапкердің қаржылық және туристік қызметтер саласындағы қатынастарға Заңның қолданылуын таратпау туралы Заңның 2-бабының 2-тармағына сілтеме жасай отырып, дәлелдері негізсіз болып табылады.

Даулы құқықтық қатынастарда ЖШС онлайн-сервис арқылы талап қоюшыға авиабилетті сатып алған, ол үшін төлем алған, осыған байланысты ол туралы шынайы және толық ақпарат беруге міндетті болған. Тұтынушыны, егер ол өзі сатып алған қызметті кедергісіз ала алмаған жағдайда, осындай ерекшеліктер мен шарттар туралы хабардар ету сатушының міндеті.

Жоғарыда көрсетілген бағыт бойынша билеттерді онлайн-сату сервисі арқылы авиабилетті сатып алу кезінде осы императивті нормаларды бұза отырып, ЖШС талап қоюшыға міндетті түрде кері авиабилеттің болуы қажеттігі туралы хабарламаған. Сондықтан жауапкердің мұндай ақпаратты беруге міндетті еместігі туралы апелляциялық шағымның қорытындылары дұрыс емес деп танылды.

Жоғарғы Сот осы дәлелдемелердің барлығын жиынтықта бағалап, апелляциялық қаулының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдырды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная