"Онда батып кету мүмкін емес". Алматы маңындағы Жұмақ көлдер туристерді несімен қызықтырады?

Қазақстанда суға шомылу маусымы қызып тұр. Егер сіз жабайы жағажайларды, емдік суларды және отбасылық демалысты ұнатсаңыз, онда бүгін Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге халық арасында жұмақ көлдер деп аталатын осы бір ерекше көлдер жайлы баяндайды.

Балқаш көлі мен Талдықорған арасында халық арасында жұмақ көлдері деп аталатын су қоймалары орналасқан жер бар. Бұл Қаратал мен Ақсу өзендерінің арасындағы Балқаштың оңтүстігіндегі кең алқапта пайда болған тұзды көлдер тобы. Осы табиғи су қоймаларындағы минералдардың концентрациясы соншалық, судың тығыздығы адам денесінің тығыздығынан асып түсетіндіктен оларға батып кету мүмкін емес.

Олар Жетісу деп аталатын жерде орналасқан, бұл Қазақстанның солтүстік-шығысында Балқаш көлдерінің, солтүстік-шығысында Сасыкөл мен Алакөлдің, сондай-ақ Жоңғар Алатауының арасында орналасқан кең аймақ.

Қызық дерек

Әдетте Жетісу бұл атауды Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі, Басқан және Сарқан өзендері ағатын жеті өзеннен алған деп есептейді. Алайда топонимді мұқият зерттегеннен кейін тарихшылар Жетісудың шығу тегі мен нұсқаларында келіспеушіліктер барын анықтады, өйткені бұл өңірде жетіден аса өзен бар. Жоғарыда айтылғандардан басқа, Шарын, Есік, Талғар, Шілік, Қаскелең, Түп, Шу, Талас және т.б. бар.

Жетісудың солтүстік бөлігінде, Балқашқа жақын жерде Жалқұм деп аталатын шөлді жер басталады. Мұнда жұмақ көлдері орналасқан.

Су қоймалары жергілікті тұрғындар мен туристердің назарын бірінші кезекте емдік қасиетімен тартады.

Мұнда балалармен демалуға жиі келеді. Халық арасында бұл көлдерді Израиль-Йордания Өлі теңізімен салыстырады.

Рас, Өлі теңізден айырмашылығы, Жұмақ көлдерінде тіршілік бар. Мысалы, су қоймалары балдырлардың барлық түрлеріне және Artemia salina миниатюралық шаянтәріздес өсімдіктерге өте бай. Қазан айында, шаян тәрізділердің жоғары концентрациясынан, су күлгін реңк алады. Ал жазда көлдегі су негізінен ашық жасыл түспен ерекшеленеді.

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметтері бойынша, оларда тек жұмақ көлдерінің тұщы су қоймалары бар екенін білу маңызды. Тұзды су айдындары жергілікті әкімдіктің бақылауында және "Жұмақ көлдері" аңшылық шаруашылығынан жалға алынған.

Қызық дерек

Артемия (Artemia salina). Бұл шаяндар тұзды суда тіршілік етеді. Артемия цисталарының балық өсіру, құс өсіру, фармакология және косметология үшін маңызы зор. Алайда, шаян тәрізділерді жұмақ көлдерінде аулауға ресми түрде жол берілмейді және контрабанда ретінде саналады.

Тағы бір ерекшелігі: көлдер термалды сулар арқылы пайда болады, өйткені судың бетіне қарағанда түбі жылырақ. Бұл су қоймаларының пішіндері биіктіктен ерекше көрінеді.

Көлдердің айналасында құм, сексеуіл, кесіртке, тасбақа және Қазақстанның осы климаттық аймағына тән нағыз шөл бар. Аңшылық пен балық аулауға әуесқойлар осы сілтеме бойынша толық ақпарат ала алады.

Ал бұл Лепсі өзенінің аңғары. Шөл далалдағы ұзыннан созылған оазиске ұқсайды. Шын мәнінде, сондай.

Фото Григорий Беденко

Қазақстандықтарға Израильмен немесе Йорданиямен шекараның ашылуын күтудің қажеті жоқ. Оңтүстік Балқаш өңіріне барса жеткілікті. Жоғарыда біз көлдердің географиялық жағдайын сипатта. Егер жақын елді мекендерді атайтын болсақ, онда бұл Құрақсу және Матай ауылдары. Айтпақшы, сіз мұнда пойызбен жете аласыз, өйткені Алматы-Семей желісінің бір бөлігі болып табылатын Матай ауылында осы аттас теміржол станциясы бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Галина Бордун (@galya_bordun)

Қызық дерек

Дәл осы жерде, ауылдың локомотив депосында Михаил Калашников өзінің әйгілі автоматын құрастырды. Бұл 1942 жылдың басында болған. Жарақатына байланысты демалыста болған кезде, қару-жарақ құрастырушы Матай станция депосының көмегімен өзінің алғашқы автоматын ППК автоматының моделін жасады, ол толық өндіріске қабылданбады, бірақ жас жігітке үлкен мүмкіндік ашты.

Бірақ Жұмақ көлдеріне жету үшін қиын жолды еңсеру керек болады. Егер Матай станциясына дейін жол болса, сол жерден асфальт жол аяқталады. Алда әлі 25 шақырым жолсыз жер күтіп тұр - бұл сіздің жол талғамайтын көлігіңіз үшін қиынға соғады. Ол жерге жеңіл көлікпен баруға болмайды: кептеліп қалған жағдайда шығу қиын. Оның үстіне, құм төбелерінде адасып кету оп-оңай. Сондықтан карта, навигатор және құмда жүру үшін қажет барлық нәрсені пайдалану маңызды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?Арайлым? (@arailym_zhasylan)

Алайда көлдерге, одан әрі Балқашқа Алматыдан велосипедпен жүріп өткендер бар. Біз осылай қайталауды ұсынбаймыз, әрине, бірақ алматылық саяхатшының естелігін ұсынбақпыз.

"Мен Құрақсу ауылымен жүріп өттім, ешкім ол жаққа барма деген жоқ. Оның үстіне сексеуілмен қоршалған, жұмсақ, қара жол болды. Құрақсу ауылының артында бірден теректі орманға жолығасыз. Оларға көптеген қарғалар ұя салады. Көлдер ұзыннан-ұзақ созылып жатыр, құстар әні шырқайды. Ауылдан сегіз-тоғыз шақырымдай жерде екі қытай жүк көлігі жолда тұрып қалды. Олар неге осында келді? Біреуі өте қатты батып кетті. Бұл бірінші кедергі болды - жол судың астына кетті, ал айналма жол олар тұрып қалған құмда еді. Мен бұл жерді оңай айналып өттім және ары қарай тағы 10 шақырымдай жүрдім", - дейді велосипедші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Elena (@lena.343)

"Құмды төбелер арасында қалған жұмақ жер. Мен саяхатымыз туралы көптен бері айтқым келді, бірақ білесіз бе, қызғылт көл сияқты лайлап тастаса ше? Каспийдегідей тіршілік иелерін қырып жатса ше? Сосын адамдар өздерінен кейін қоқыстарды жинайды ма? Біздің қоғам ондайға дайын ба? Бұл жер адам аяғы тимеген жалғыз жер. Ешқандай инфрақұрылым жоқ, сенің айналаңда кесірткелер жүгіріп, саған бөтенсіп қарайды, жол бойындағы көлдерде құстар мамыражай, түлкілер мен қояндар жүгіреді, ал тұзды көлде әлемде бірнеше жерде ғана кездесетін ұсақ шаян тәрізділер жүзеді", - дейді саяхатшылардың бірі.

Айтпақшы, аңыз бойынша, бұл көлдерге осы сулардың емдік қасиеттерін ашқан емші Райхан-ананың аты берілген. Жергілікті тұрғындар Райхан есімді әйел алапес ауруына шалдыққан дейді. Ол отбасынан жыраққа, шексіз құмға кетеді. Бірнеше күннен кейін ол шөл мен көптеген көлдердің ортасындағы таңғажайып жерге тап болады. Көлдердің біріне Райхан ана батып өлуге бел буады.

Бірақ міне, сәтсіздік: ссудың бетіне қалқып шыға берді. Бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін шаршаған әйел жағаға шығып, қалжырап ұйықтап кетті. Оянған кезде денесіндегі жаралар жазыла бастағанын байқайды. Әйел толық сауығып кеткенге дейін бірнеше жыл көлдің маңында өмір сүреді. Осы уақытта Ұлы Отан соғысы басталады. Мүгедек солдаттар майданнан орала бастайды. Сол кезде Райхан ана жараланған майдангерлерді осында әкелген дейді. Әбден қартайғанша әйел осы көлде адамдарды түрлі аурулардан емдеген екен, өлер алдында осында жерлеуді өтініпті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жанна Капесова (@zhannaordev)

Кейбір келушілер жергілікті тұзды су буын ауруына көмектеседі деп санайды. Олардың пікірінше, тері аурулары да сумен керемет емделеді. Тек қазір дәрігерлер өзін-өзі емдеуге кеңес бермейді және тұзды ваннаға бармас бұрын олар мамандармен кеңесу қажет.

Қолайлы уақыт - шілде-тамыз, қалған айларда көлдерде салқын, жылы киінуге тура келеді.

Аңшылық шаруашылық аумағына кіру үшін бір адамға 1000 теңгеден алынады (балық аулау және аң аулау үшін бұл сома 2500 теңгеден жоғары) екенін ескеріңіз. Сондай-ақ, сіз туристік агенттіктерден үш күндік тур сатып ала аласыз, онда екі түнеу, трансфер, шатырда тұру және тамақтану қарастырылған. Бір адамға шаққандағы шығын 50 мың шамасында.


Видео Youtube/trufanoff di

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.