Нұр-Сұлтаннан Қытайға рейстің жаңа мерзімі айтылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында Нұр-Сұлтан - Чэнду рейсінің жаңа ашылу күні туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қытайдың Air China әуекомпаниясы 21 тамыздан бастап А320 типті әуе кемелерінде жексенбі күндері аптасына бір рейс жиілігімен Нұр-Сұлтан - Чэнду жаңа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

"Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын арттыру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін елордалық әуе айлағының баспасөз қызметі Air China әуекомпаниясының 7 тамыздан бастап Чэнду - Нұр-Сұлтан рейсін ашатыны туралы хабарлаған болатын.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!