Нұр-Сұлтаннан Башқұртстан астанасына жаңа рейс іске қосылады

8 шілдеден бастап Қазақстан мен Башқұртстан арасында тікелей рейс іске қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осылайша, ресейлік "Азимут" әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан-Уфа бағытында аптасына 1 рейс жиілігімен жұма күндері тұрақты жолаушылар рейсін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Рейстер RRJ-95 типті ұшақтарда орындалады. Билеттерді тасымалдаушы әуекомпанияның ресми сайтынан алуға болады.

Осыған дейін, ресейлік әуекомпанияның Уфа қаласынан Ақтауға чартерлік рейстер ашқаны айтылған еді. Башқұртстан астанасынан орындалатын рейстер 27 маусымда іске қосылды