Ресей Федерациясы елшілігінің қызметкері Нұр-Сұлтанға коронавирус әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты.
Елшілік қызметкері халықаралық рейспен Нұр-Сұлтанға келгеннен кейін ПТР-тест тапсырды. Коронавирусқа талдау оң нәтиже көрсеткен.
"Қазіргі уақытта елшілік қызметкері елордада 14 күндік карантинде.
Сауалнамасында ол РФ азаматы екенін, жұмыс орны - СІМ, Ресей Федерациясының елшілігі екенін көрсетті", - деді Байғабылов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!