10 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, БАӘ, Түркия, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы 24 Хабар басылымына сілтеме жасап.
1 668 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 530 адам, анықтамасыз 138 адам - ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 10 рейс, 886 жолаушы, анықтамамен - 808, анықтамасыз - 78 Алматы қаласының әуежайына - 6 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен - 554, анықтамасыз - 46; Қарағанды қаласының әуежайына - 2 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келді; Шымкент қаласының әуежайына - 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 123, анықтамасыз - 12; Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 38 жолаушы, анықтамамен - 36, анықтамасыз - 2; Петропавл қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 4 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 138 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті. Бір күн бұрын, 9 желтоқсанда анықтамасыз келген 115 адамның ПТР сынамалары да теріс нәтиже көрсетті. Сонымен қатар Ташкент қаласынан ұшып келген Өзбекстан азаматы COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.