Нұр-Сұлтан пейзаждарының фонында экстремалды трюктердің қызықты видеолары желіде танымал бола бастады. Видеоның басты кейіпкері - роллер Диас Әбдірахманов, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Диас қалада әлі видео түсірмеген және өз трюктерін орындамаған орындар қалмағанын айтты. Оның видеолары Тиктокта миллиондаған қаралым жинайды. Мысалы, елордалық жағалауда түсірілген видео 4 миллион 100 мың рет қаралды.
А вот плавать я не умею
♬ Jiggle Jiggle - Duke & Jones & Louis Theroux"Біз жай ғана ролик киеміз, камераны қосамыз және трюктер өздері келеді. Дененің өзі ойлап табады және орындайды", - дейді Диас.
"Балық көпірінде" жасалған тағы бір видео дронның көмегімен түсірілді. Операторы - Даниал Оқасов. Диастың айтуынша, видеода ол сағатына 45 шақырымға дейін жылдамдықпен қозғалды.
@dias.r11 Спасибо за видос летчику @danial_okassov #Астана #КЗ #Ролики #Скорость ♬ Midnight City - M83Диас балаларға роликті конькимен сырғанауды үйретеді. Өзі 15 жылдан бері экстремалды конькимен айналысады. Әртүрлі трюктарды жасап жүргеніне 11 жыл болған.
Публикация от Dias_R11 (@dias_r11)
"Біз тек жазда тебеміз. Нұр-Сұлтанда, ең көп дегенде, жаз үш ай болады. Қаламыздағы скейт-саябақтарда жүреміз. Олар, әрине, кәсіби емес, бірақ белгілі бір трюктерді орындауға мүмкіндік береді", - дейді ол.
Публикация от Dias_R11 (@dias_r11)
"Біз трюктерге арналған орындарды жабынның негізінде таңдаймыз. Егер жиек, таяныш, баспалдақ болса, онда бізге қолайлы. Ал қаланың барлық жері әдемі", - дейді Диас.
@dias.r11Смогли бы проехать среди людей?)?
♬ Bunny Girl Senpai drill by baba - BabaДиас көбінесе қала тұрғындарының экстремалды серуендеуін құптамайтынын мойындайды. Ал күзетшілер роллерлерді көріп, орнынан қуып шығады.
"Бұл мәдениет бізде жеткілікті дамымаған. Дегенмен BMX (спортшылар арнайы велосипедтерде экстремалды трюктер жасайтын олимпиадалық спорт түрі - авт.), скейтбординг қазірдің өзінде олимпиадалық спорт түрлеріне жатады. Бірақ Қазақстанда осымен айналысатындарды жаттықтыру үшін жабдықталған алаңдар, дұрыс скейт-парктер жоқ. Түсірілімге бірнеше минут бар екенін білеміз, өйткені күзетшілер әрқашан жүгіріп, бізді қуып шығады. Көптеген адам экстремалды конькиді вандализм деп санайды", - дейді ол.
Публикация от Dias_R11 (@dias_r11)
Ал әлеуметтік желі пайдаланушылары оның видеоларына түрлі пікір қалдырады: "Қандай тамаша көрініс! Бұл Астана ма?", "Керемет трюктер!", "Таңдану", "Қорқыныш жоғалды", "Керемет адам". Диастың сырғанағы ұнамайтын оқырмандар да бар: "Сіз сырғанағаннан кейін қабырғалар құртылады", "Балалар қарайды ғой, не істеп жүрсіз".
Автор: Мәдина Оспан
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!