Фото: Корей мәдени орталығы Фото: Корей мәдени орталығы

Нұр-Сұлтанда корей суретшісінің көрмесі ашылды


Нұр-Сұлтан тұрғындары 2021 жылдың 12 қыркүйегіне дейін корей суретшісі Ли Инамның цифрлық өнер туындыларының көрмесін тамашалай алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтандағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығы Елбасы кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірлесіп ұйымдастырған корей суретшісі Ли Инамның цифрлық өнер туындыларының көрмесі ашылды.

Көрме аясында әлемге әйгілі корей бейне суретшісі Пэк Намджунның мұрагері, әйгілі корей медиа өнерінің шебері Ли Инамның жұмыстары ұсынылды. Автор Ли Инам Шығыс Азияның классикалық кескіндемесінің әйгілі картиналарын негізге ала отырып, шығыс және батыс өнерін үйлестіріп, цифрлық өнерді ұсынды.

"Мен пандемияға байланысты ашылу рәсіміне қатыса алмағаныма өкінемін. Бірақ соған қарамастан, Қазақстанда корей классикалық кескіндемесінің танымал картиналарын пайдалана отырып, цифрлық өнер туындыларын көрсететін көрменің маңызы зор деп санаймын. Осы көрме үшін мен "Жарықтың жандануы" тақырыбына жұмыстар дайындадым. Оның басты идеясы көрме кеңістігін және Корея мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынастардың тарихи сипатын "жарықтандыру" болды. Сол арқылы екі ел арасындағы берік достық пен ынтымақтастықтықтың мәні ашылды", - деді көрме авторы Ли Инам онлайн байланысқа шығып.

Корей мәдени орталығының директоры Ли Херанның айтуынша, бұл көрме Корея туралы негізінен K-pop және корей сериалдары арқылы білетін қазақстандықтар үшін цифрлық өнер арқылы корей сұлулығын сезінуге және білуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері дамып келе жатқан екі ел арасындағы мәдени және экономикалық алмасудың жандануына ықпал етеді.

Біздің мәдени орталық Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандықтарға корей медиа өнерінің туындыларын ұсынуға қуанышты. Автор Ли Инамның еңбектерінің арқасында Корея туралы көбірек біле аласыз, сондай-ақ орталықтың алдағы іс-шараларына үлкен қызығушылық танытып, қатыса аласыз деп үміттенемін", - деді Ли Херан.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!




Осыған ұқсас мақалалар

Шымкенттегі цитадель, немесе бір саяхатта 2200 жылдық тарихты қалай көруге болады? Шымкенттегі цитадель, немесе бір саяхатта 2200 жылдық тарихты қалай көруге болады?
Каприде жол апатынан автобустың 19 жолаушысы зардап шекті, жүргізуші қаза тапты Каприде жол апатынан автобустың 19 жолаушысы зардап шекті, жүргізуші қаза тапты
"52 градус ыстық". Турист Алакөлден Алматыға қатынайтын пойыздың жағдайына шағымданды "52 градус ыстық". Турист Алакөлден Алматыға қатынайтын пойыздың жағдайына шағымданды