Нұр-Сұлтанда жаңа пойыз жолға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Қазақстан астанасынан Ұлытау бағытында жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға сілтеме жасап.


Қазақстан астанасынан Ұлытау бағытында жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан - Жезқазған бағытындағы № 65/66 жаңа пойыз күн сайын жүреді: жұп күндері - Нұр-Сұлтаннан, тақ күндері - Жезқазғаннан. Елордада Нұрлы жол вокзалынан шығады.

ҚТЖ мәліметінше, "Тальго" вагондарынан құралған пойызда 344 орын бар. Вагон ауа баптау жүйесімен және құрғақ шкафтармен жабдықталған. Әр купеде розеткалар бар және жол бойында жолаушылар Vputi.kz мультимедиялық порталында фильмдер көріп, музыка тыңдай алады.

Сонымен қатар, жолаушылар вагон-мейрамхана қызметтерін пайдалана алады. "Гранд" және "гранд PMR" класты вагондарда (мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін) душ кабиналары көзделген.

Еске салайық, 1 қыркүйектен бастап № 86/85 Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Шымкент бағытында "Тальго" күнделікті пойызы іске қосылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel