Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда "Авиаторлар аллеясы" ашылды


Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында "Авиаторлар аллеясы" ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

"Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайына NQZ коды берілгеніне тура бір жыл толды. Бұл код біздің жолаушылардың өміріне берік еніп, барлық брондау жүйесінде, отырғызу талондарында, багаж биркаларында және ақпараттық таблода көрсетіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында "Авиаторлар аллеясы" ашылды. Шараға ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының басшылығы, азаматтық авиация ардагерлері, отандық және шетелдік әуе компаниялардың өкілдері қатысты.

Айта кетейік, 2014 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) тағайындаған Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптік кодын өзгерту бойынша белсенді жұмыс жүргізді.

Бүкіл әлем бойынша әуежайларға бір рет және тұрақты негізде код беру жөніндегі IATA қағидаларына қарамастан, қазақстандық тарап бұл бағытта оң нәтижелерге қол жеткізді.

IATA өкілдерімен бірлесіп әуежайлардың кодтарын тағайындау және өзгерту бойынша IATA тәсілдеріне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл өзгерістер 2019 жылдың 14 қазанында Варшава қаласында (Польша) IATA-ның барлық мүшелерінің қатысуымен Жолаушылар тасымалы стандарттары (Passenger Standards Meeting) кездесуінде қолдау тапты.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!




Осыған ұқсас мақалалар

"Екі ел арасындағы туристік қарым-қатынас өте жақсы дамыған" - Үндістан елшісі "Екі ел арасындағы туристік қарым-қатынас өте жақсы дамыған" - Үндістан елшісі
Қазақстанда Түркияға турлар қымбаттайды Қазақстанда Түркияға турлар қымбаттайды
"Әсеріңді сөзбен жеткізу мүмкін емес". Қастек үңгірлері туристерді несімен қызықтырады? "Әсеріңді сөзбен жеткізу мүмкін емес". Қастек үңгірлері туристерді несімен қызықтырады?