Нұр-Сұлтан - Варшава және Алматы - Рига рейстері көктемде ашылады

Польшалық және латвиялық тасымалдаушылар Қазақстанмен әуе қатынасын қалпына келтіруге ниет білдірді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы. 

27 сәуірден бастап LOT Polish Airlines Нұр-Сұлтан - Варшава - Нұр-Сұлтан рейстерін қайта іске қосуды жоспарлап отыр. Қазақстандықтар сейсенбі және жұма күндері Польшаға ұшып, жексенбі және сәрсенбі күндері Нұр-Сұлтанға орала алады. Жолаушыларға эконом, премиум немесе бизнес-класс, сондай-ақ белгілі бір тарифпен қарастырылған әртүрлі қосымша қызмет ұсынылады.

Халықаралық рейстің эконом санатындағы тарифтердің көбінде билет бағасына сегіз келіге дейін қол жүгі және 23 келіге дейін тіркелген багаж кіреді. Нұр-Сұлтан қаласынан ұшатын және ұшып келетін жолаушыларға ыстық тамақ ұсынылады. Тарифтың шарттарын толығырақ мына жерден таныса аласыз.

Нұр-Сұлтан - Варшава бағыты бойынша билет құны 89 861 теңгеден басталады. Кері бағыттағы билетті 91 513 теңгеге сатып алуға болады.

Ираннан Қазақстанға жаңа рейс іске қосылды

Ал 12 мамырдан бастап Қазақстан Латвиямен әуе қатынасын жаңарта алады. Air Baltic компаниясы Алматы - Рига бағыты бойынша рейстерді аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері Airbus A220 ұшағымен тасымалдауды жоспарлап отыр. Ригадан Алматыға рейс сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері ұшады.

Алматы - Рига бағытына ұшақ билетін 73 264 теңгеге, кері бағытта 73 766 теңгеге сатып алуға болады. Билеттердің санатымен толығырақ мына жерден таныса аласыз.

Сондай-ақ, бұл тек әуекомпаниялардың жоспары екенін ескеріңіз. Қазақстанда бұл рейстерді қайта бастау туралы ресми шешім әлі шығарылған жоқ.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаевтың айтуынша, соңғы шешімді Ведомствоаралық комиссия шығарады.

Ол Қазақстанда ресми түрде жаңартылмаған рейстерге билет сатуға заңнамалық деңгейде тыйым салынбағанын атап өтті.

"Егер ВАК билетте көрсетілген ұшу күніне дейін шешім шығармаса, мысалы, Польшаға, онда билет күні ұзартылады немесе жолаушының келісімі бойынша билет ақшасы қайтарылады", - деді ол.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Tajik Air әуекомпаниясының Қазақстанға оралуды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Алайда, министрліктегілер бұл мәліметті растамады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!