Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Алакөлге билет саны артады

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Алакөлге келетін пойыздар мен вагондардың саны артады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"2021 жылдың 15 маусымынан бастап "Алматы - Достық" бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Пойыз аптасына 2 рет жүреді. Сонымен қатар, 18 маусымнан бастап бұл бағытқа аптасына 3 рет тағы бір жолаушылар пойызын шығару жоспарланып отыр", - делінген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласынан қолданыстағы жолаушылар пойыздарының схемасы кемінде 2 вагонға артады (№258/257 Нұр-Сұлтан-Достық, №54/53 Нұр-Сұлтан-Достық). Жолаушылар ағыны артқан сайын тіркемелі вагондардың саны мезгіл-мезгілімен көбейеді.

Семей-Түркістан рейсінің ашылуына не кедергі болып отырғаны айтылды

Бүгін Алакөл көлі бағыты бойынша мынадай бағыттар ұйымдастырылды:

Нұр-Сұлтаннан:

- № 54/53 "Нұр-Сұлтан НЖ-Достық" (жыл бойы), "Жолаушылар тасымалы" АҚ тасымалдаушысы (дүйсенбі, жұма);

- №258/257 "Нұр-Сұлтан-1-Достық" (20.06.21 ж. бастап), "Жолаушылар тасымалы" АҚ тасымалдаушы (бейсенбі, жексенбі);

- "Нұр-Сұлтан-1-Достық" №122/6942/6941/121 (жыл бойы) пойыздарындағы тікелей вагондар, "АрайТрансKZ" ЖШС тасымалдаушысы (жұп күндері).

Алматыдан:

- №453/454 "Алматы-2-Достық" (жазғы 18.06.21 ж. бастап) тасымалдаушы "Тұран Экспресс "ӨК" ЖШС (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

- №21/6942/6941/22 Алматы-1-Достық (жазғы) пойыздарындағы тікелей қатынайтын вагондар, тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ (жұп күндері).

Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, Алакөл курорттық аймағына билет сату бойынша жағдай қадағаланып отыр.

Теміржол билеттерін сатудың электрондық жүйесі жетілдірілген. Билеттерді сатып алу процесі ашық, билеттерді сатумен байланысты заңсыз әрекеттер жасау мүмкін емес. Жол жүру құжаттарын сатуды ашу кезінде туроператорлар билеттерді жалпы негіздерде сатып алады, ал жолаушылар тобына жол жүру құжаттарын сатуды ұйымдастыру жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтінімі бойынша орындар болған кезде пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 45 тәуліктен 6 тәулікке дейін жүргізіледі.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!