Нұр-Сұлтан - Лондон әуерейсі жаңартылды

©Shutterstock

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Хитроу халықаралық әуежайына тікелей рейстер 2021 жылдың 18 қыркүйегінен бастап қайта басталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Хитроу халықаралық әуежайына тікелей рейстер 2021 жылдың 18 қыркүйегінен бастап қайта басталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Air Astana компаниясының мәліметінше, ұшақтар Ұлыбританияға аптасына екі рет сәрсенбі және сенбі ұшады. Нұр-Сұлтан - Лондон рейсіндегі ұшу ұзақтығы 7 сағат 15 минутты, кері қайту ұзақтығы 6 сағат 30 минутты құрайды.

Рейстер A321LR алыс магистральды лайнерде орындалады. Эконом-кластың базалық тарифі барлық жарнаны қоса алғанда, екі жаққа да 284 535 теңгеден басталады.

Реклама
Реклама

"Ұлыбританияға сапар шегетін жолаушыларға вакциналау мәртебесіне және азаматтығына қарамастан коронавирус инфекциясына теріс нәтижесі бар ПТР-талдау туралы анықтама қажет. ПТР-тест ұшудан үш күн бұрын жасалып, Ұлыбританияның талаптарына қатаң сәйкес келуі керек", - делінген әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная