Нұр-Сұлтан - Бішкек рейсі 17 қарашада қайта ашылады

Нұрсұлтан Назарбаевтан Бішкекке рейстер 2021 жылдың 17 қарашасынан бастап қазақстандықтарға қайта қолжетімді болады. Бұл туралы ұлттық әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Air Astana 17 қарашадан бастап Нұр-Сұлтаннан Embraer E190 - E2 әуе кемесінде екі қала арасында қатынауды бастайды. Енді жолаушылар Қырғызстан астанасына Қазақстанның екі қаласынан, яғни Нұр-Сұлтан мен Алматыдан тікелей ұша алады.

Реклама
Реклама

Рейстер сәрсенбі және жексенбіде, ал желтоқсаннан бастап дүйсенбі және жұмада орындалады. Әуекомпания Алматыдан Бішкекке күнделікті рейстер орындайды.

Қырғызстан Республикасының азаматтарын, транзиттік жолаушыларды және 6 жастан асқан балаларды қоса алғанда, Бішкекке ұшатын жолаушылар келгенге дейін 72 сағат ішінде алынған ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуы тиіс. Бұл талап вакцинацияның толық курсынан өткен жолаушыларға қолданылмайды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!