Нұр-Сұлтан әуежайында "ұшақта бомба бар" деп айғайлаған ер адам ұсталды

Елорда әуежайында мас жолаушы "ұшақта бомба бар" деп айғайлаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 21 тамыз сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласында болған. Әуежайдағы желілік полиция бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы терминалының стериль аймағында TURKISH AIRLINES әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан - Анталья әуе рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде 44 жастағы жолаушы мас күйде бірнеше рет айналасындағыларға "ұшақта бомба бар" деп айқайлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Әуежайдың борты мен стериль аймағына дереу тексеру жүргізілді. Тексеру барысында қандай да бір жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарлмада. 

Күдікті өз кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторында отыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге де мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!