Нұр-Сұлтан әуежайы Еуроодақ сертификатын алды

© Shutterstock

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуроодақ сертификатын алды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуроодақ сертификатын алды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елордалық әуежай Еуропалық Одақ елдерінің аумағына авиациялық жүк тасымалдарын жеңілдетілген ұйымдастыру үшін қажетті шарт болып табылатын RA-3 (Regulated Agents Third country) сертификатын ресімдеу процесін аяқтады.

Реклама
Реклама

Сертификат кез келген авиакомпанияларға авиациялық қауіпсіздік бөлігінде қандай да бір шектеусіз астаналық әуе айлағы арқылы ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын береді. RA-3 сертификаты сонымен қатар елордалық әуежайдың жүк терминалында жүктерді өңдеу процесі жүктердің барлық түрлері үшін Еуропалық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетінін растайды.

"RA-3 мәртебесінің болуы көріністі толығымен өзгертеді: осы сәттен бастап ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын барлық әуетасымалдаушылар автоматты түрде пайдалана алады, бұл кез келген (соның ішінде Еуропалық) әуекомпанияларға елордалық әуе қақпалары арқылы операцияларды еркін орындауға мүмкіндік береді", - деді "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.

Қазір Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы осындай сертификатқа ие Қазақстандағы жалғыз әуежай.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная