Өткен демалыс күндері SCAT әуекомпаниясының әуе кемелерінің бірі найзағайдан зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Boeing 737 ұшағы кестеден шығарылды. Компанияның инженерлік қызметі бірнеше күнге созылатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Осыған байланысты әуекомпания осы аптада 14 рейстің кестесін өзгертуге мәжбүр.
Реклама
Реклама
"Жолаушылардан СМС-хабарламаларды не қосымшадағы немесе Scat.kz сайттағы рейстің мәртебесін тексеруді сұраймыз", - деп хабарлады әуекомпания.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!