Наурыз. Этникалық пойыздар жолаушыларды ұлттық тағамдармен қуантты

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды безендірілген пойыздармен, ұлттық тағамдармен және сазды әуенмен қуантты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды безендірілген пойыздармен, ұлттық тағамдармен және сазды әуенмен қуантты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Реклама
Реклама

Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық вокзалдардың перронынан №3/4 "Астана-Алматы", №85/86 "Астана-Шымкент" және №7501/7502 "Астана-Павлодар" бағыттары бойынша этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты. Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды.

Ісшара барысында жолаушылар мен шығарып салушылар үшін қазақ халқының мәдениетінің басты символы-домбырада музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әрбір жолаушыға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын еліміздің ұлттық тағамдары "наурыз көже" мен "бауырсақ" ұсынылды.

"Елімізде аталып өтетін мерекелермен жолаушыларды құттықтау компанияның дәстүрінің маңызды құрамдас бөлігі. "Жолаушылар тасымалы" АҚ компаниясы жыл сайын жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, пойыздарды ерекше стильде безендіруді әдетке айналдырған, - деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов.

Этникалық стильдегі пойыздар 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін жүреді.

Айта кетейік, бұл мерекелік акция еліміздің барлық өңірінде өткізіледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная