Мысырдың орнына қазақстандық туристерге қандай елдер ұсынылады

Паттайя, Таиланд. Фото ©Shutterstock

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Мысырдағы демалысқа балама мәселесі қаралды. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев егжей-тегжей айтып берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Мысырдағы демалысқа балама мәселесі қаралды. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев егжей-тегжей айтып берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Мысырмен әуе қатынасы коронавирустың жаңа штамы - омикронның таралуына байланысты тоқтатылғаны белгілі. Оның орнына қазақстандықтар үшін ашық бағыттарға рейстер санын ұлғайту ұсынылды.

Реклама
Реклама

"Денсаулық сақтау министрлігі мен Азаматтық авиация комитеті Мысырдың орнына қазақстандықтар ұша алатын елдерге рейстер санын арттыру туралы біздің ұсынысымызды қолдады, ал барлық қазақстандық Мысырдан міндетті түрде әкетілетін болады", - деп жазды Ордабаев Facebook-тегі парақшасында.

Әуе рейстерінің санын арттыру мынадай бағыттар бойынша жоспарланған:

БАӘ; Шри-Ланка (бағасы және ұшу уақыты Мысырға ең жақын); Таиланд; Мальдив; Үндістан.

Мысалы, Таиландта шекараны жабу жоспарланбаған. Елдің премьер-министрі Прают Чан-о-ча мемлекеттің омикронмен күресу қабілетіне сенімді екенін айтты. Сонымен қатар, Таиланд үкіметі ПТР-тестінің орнына жедел тестілеуді енгізу жоспарынан бас тартты.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная