Кейінгі тәулікте Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасай отырып.
Сондай-ақ, ПТР-дің мерзімі өтіп кеткен анықтамаларымен Нұр-Сұлтан қаласына келген екі шетелдіктің депортацияланғаны белгілі болды.
Комитет мәліметінше, 30 қарашада Қазақстан аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей және Беларусьтен тоғыз халықаралық әуе рейсі келді. 1 169 авиажолаушының 960-ында ПТР - тестілеудің теріс нәтижесі болса, 209 қазақстандық ПТР анықтамасыз келген.
Анықтамасыз келген қазақстандықтар карантин стационарларына орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды дейді комитеттегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!