Мысырда туристерді бейнебақылау күшейтіледі

Фото ©Shutterstock

Мысырда қонақүйлердегі қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, атап айтқанда бейнекамералар саны артады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Вестник АТОР сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мысырда қонақүйлердегі қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, атап айтқанда бейнекамералар саны артады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Вестник АТОР сайтына сілтеме жасап. 

Камералар жолдарда, қақпаларда, гараждарда және жер астында, сондай-ақ туристер жиналатын қоғамдық орындарда: лобби, мейрамханалар мен барларда, ойын алаңдарында болады. Мобильді камералар объектінің барлық кіру жолына және оның аумағын белгілейтін қоршаулардың периметрі бойынша орнатылады.

Реклама
Реклама

Бақылау камераларындағы жазбалар қонақүй серверінде 21 күн сақталуы керек және қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына қолжетімді болады.

Айта кетейік, Хургададағы қонақүйде туристер уланғаннан кейін қонақүйлерге жаңа талаптар қойылады.

Сондай-ақ, курорттық қонақүйлердің соңғы тексерулерінде олардың кейбіреуінде коронавирус немесе аурудың жеңіл түрі бар туристерді оқшаулауға арналған арнайы бөлмелер жоқ екені белгілі болды. Осыған байланысты бір қонақүйдің қызметі тоқтатылды, ал қалған қонақүйлер анти-ковидтік хаттамаларды қатаң орындау қажеттігі ескертілді. Әйтпесе, бұл орындар жабылуы мүмкін.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная